28 Сәуір, 2012

Бағалы бастамалар – ортақ шаңырақ қызметінің арқауы

374 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Бағалы бастамалар – ортақ шаңырақ қызметінің арқауы

Сенбі, 28 сәуір 2012 1:28

Біздің «Достық үйінде» 10 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Жақында өзбек және армян этномәдени бірлестіктері ашылады. Жалпы, оларды жігерлі, шығармашыл, ынталы адамдар басқарады. Қазақстан хал­қының бірлігі күнін мерекелеу аясында этноауылдар үлгісін жасау арқылы түрлі этностың қо­нақжайлығын, татулығын, салт-дәстүрлерін көрсетеді. «Достық. Бірлік. Тәуелсіздік» этномәдени фестивалі жыл сайын ұйым­дас­тырылып тұрады. Жақында ол 14-ші рет өтті. «Тілдер достығы – ұлттар достығы» атты шара қанат жайып келеді. Сонымен қатар, қалалық ішкі саясат бө­лі­мімен бірлесе жастардың достық фестивалі өткізіліп тұрады.

 

Сенбі, 28 сәуір 2012 1:28

Біздің «Достық үйінде» 10 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Жақында өзбек және армян этномәдени бірлестіктері ашылады. Жалпы, оларды жігерлі, шығармашыл, ынталы адамдар басқарады. Қазақстан хал­қының бірлігі күнін мерекелеу аясында этноауылдар үлгісін жасау арқылы түрлі этностың қо­нақжайлығын, татулығын, салт-дәстүрлерін көрсетеді. «Достық. Бірлік. Тәуелсіздік» этномәдени фестивалі жыл сайын ұйым­дас­тырылып тұрады. Жақында ол 14-ші рет өтті. «Тілдер достығы – ұлттар достығы» атты шара қанат жайып келеді. Сонымен қатар, қалалық ішкі саясат бө­лі­мімен бірлесе жастардың достық фестивалі өткізіліп тұрады.

Кеншілер қаласында әртүрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сү­руде. Қазақстан халқы Ассам­блеясының сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтып кеткендей, шынында да, біздің Ассамблея – киелі бесік, құтты шаңырақ. Бұл сөздер қазақ хал­қында қастерлі ұғымдар екені белгілі. Біздер Елбасының ел бірлігін, алдағы болашақты ой­лаған мұндай ұсыныстарын қол­даймыз. Ұлтаралық бірлік – бұл бәріміздің де таңдауымыз.

Ұл-қыздарымыз, туыстары­мыз, достарымыз, көршілеріміз – бәріміз, осы елде өмір сүріп жатқан соң, Елбасының бірлік, татулық жолындағы еңбегін ба­ға­лаймыз. Біздің Екібастұз қала­сындағы «Достық үйі» облыста алғашқы болып бой көтерген ша­ңырақтардың бірінен санала­ды. Бәрінен де қуа­натынымыз – осы үйдегі мәдени жиын-ша­ралардан өзге ұлт өкілдерінің ұл-қыздары, әсіресе, қарт­та­ры­мыз қалмайды. Ардагерлердің өз ұлтының өткенінен, тарихынан, салт-дәстүрлерінен сыр шертіп, жастарға айтып, үйретіп оты­ра­тындықтары да бір ғанибет. Өзге этнос өкілдерінің барлығы елі­міз­дің мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқып-үйренуде.

Этномәдени бірлестіктер қа­лада өтетін барлық мәдени мерекелік шараларға белсене қаты­са­ды. Қандай шара өткізсек те біз­дің бұл мақсаттағы ән-шашуы­мыз ел бірлігіне, Отанды сүюге, патриоттық рухты көтеруге, қа­зақ халқымен бірге келе жатқан достықты дәріптеуге арналады. Бұл күндері этномәдени бірлес­тік­тердің қатарын жастарымыз толықтыра бастады. Мәселен, «Дулкын», «Гюзал-ай», «Славяночка», «Світанок», «Маршо», «Бояхад», «Зодоринка» сияқты ән-би ансамбльдері үлкендердің ізін басты.

Мемлекеттік тілді оқып-үй­рену этномәдени бірлестіктер мү­шелерін патриоттық рухта тәр­биелеуге ықпал етеді. Әр этно­мәдени бірлестікте мемлекеттік тілде қарым-қатынас жа­сауға, өз ана тілін де оқып-үй­ренуге бар­лық жағдай жасалған. Өздерінің ұлттық салт-дәстүр­лерін жаң­ғырту этномәдени бірлестіктер мү­шелерін де біріктіре түсетіні анық. Сондықтан бұл бағытта үл­кен жұмыс атқа­рылуда.

Театрландырылған көрініс­тері бар «Назерке», «Масленица», «Сабантой» мерекелері дәс­түрге айналды. Апаларымыз «Қы­мызмұрындық», «Мүшел той», «Шашбаулы ару» мерекелеріне шақырады. «Иван Купала», «Рождестволық кездесулер», «Славян жазуы мен мәде­ниеті күні», «Рошашана» сияқты еврейлердің жаңа жылды қарсы алу мерекелері өтеді.

Сонымен қатар, біз «Достық үйіне» өскелең ұрпақты, балалар мен жастарды шақырып, олар­дың қанатын қатайтуды қолға алдық. Бүгінгі күні жастар қа­на­ты әр этномәдени бірлестікте бар. Біз «Үміт» балалар үйімен, орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарымен бірлесе шаралар өткізіп келеміз. Өткен жылы «Достық үйі» бір ай бойы «Шіркін, Лайф» этножобасының іске асуына қатысты. Соның бары­сында әр этномәдени бірлестік «Қайнар» білім беру-бос уақыт­ты қамту кешеніне келген бала­ларға ұлттық ас түрлерінің, дәс­түрдің, мәдениет пен өнердің ерекшеліктерін көрсетті.

«Полония» атты поляктар бір­лестігінің балалар ансамблі құ­рылды. «Возрождение» этно­мә­дени бірлестігі немiс тiлiнiң жай-күйіне көңіл бөліп отырады. Немiс тiлiн үйретуге жұмсала­тын шығындарды Гете атындағы немiс этномәдени бірлестігі көте­реді. «Братство» атты славян бірлестігі жыл сайын «Славян жазбасы мен мәдениетінің күндерін» өткізеді. Татар-баш­құрт­тардың «Шатлық» бірлестігі «Сабантой» ойын-сауық кештеріне шақырады. Чешен-ингуш­тар­дың «Вайнах» және әзербай­жан­дардың «Азербайжан» бірлестіктерінде Ораза айында мүм­кіндіктері шектеулі балаларға «Дос­тық үйінде» қайырымды­лық ас беріледі. Украиндардың «Світанок» бірлестігінің жанын­да «Дударыки» балалар ансам­блі мен «Світанок» хоры ән са­лады. Корейлердің «Чосон» және ев­рейлердің «Бэяхат» бірлестіктері мүшелері – ақ жау­лықты аналар ауылдарды аралап, қазақ халқы­ның әдет-ғұ­рып­тары мен салт-дәстүрлерін дәріптейді. «Назерке» телеклу­бы эфирге шығады.

Бүгінгі күні біздің қала тұр­ғындары үшін үлкен мәнге ие «Дос­тық үйіне» әртүрлі ұлт өкіл­дері келіп, ортақ іске өз үлес­терін қосып жүр. Мұның өте оң үрдіс екені сөзсіз.

Людмила МАКАРЧУК, «Достық үйінің» директоры.

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы.