04 Мамыр, 2012

Бірліктің берекелі бесігі ұрпақ жалғастығына көңіл бөлінді

394 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Бірліктің берекелі бесігі ұрпақ жалғастығына көңіл бөлінді

Жұма, 4 мамыр 2012 8:27

Елімізде Президент Нұрсұл­тан Назарбаевтың бастама­сы­мен Қа­зақстан халқы Ассам­блея­сының бірегей институты құрылды. Міне, биыл сол Асс­амблеяға он жеті жыл толып отыр. Осы жылдары Ассамблея елімізде тұрып жатқан түрлі ұлт­тар мен ұлыстар өкілдерін бір адамның баласындай біріктіріп, ұйытып отыратын үлкен күшке айналуда.

 

Жұма, 4 мамыр 2012 8:27

Елімізде Президент Нұрсұл­тан Назарбаевтың бастама­сы­мен Қа­зақстан халқы Ассам­блея­сының бірегей институты құрылды. Міне, биыл сол Асс­амблеяға он жеті жыл толып отыр. Осы жылдары Ассамблея елімізде тұрып жатқан түрлі ұлт­тар мен ұлыстар өкілдерін бір адамның баласындай біріктіріп, ұйытып отыратын үлкен күшке айналуда.

Мен Ассамблея құрылған күн­нен, яғни 1995 жылдан Ассамблея Кеңесінің мүшесімін. ҚХА-ның жыл сайынғы сес­сия­сына қатысқанымдағы кө­зімнің жеткені, Қазақстанда тұрып жат­қан ұлттардың ақыл­ман­ды­ғы. Өйткені, олар егемендігін алған жас мем­лекет­тің, оның басшысының төңі­регіне топта­сып, бейбітшілік идеясын жал­ғас­тыруда және Елбасының сара саясатын іске асырып келеді.

Жақында өткен ҚХА-ның ХІХ сессиясы да еліміздегі бірлік пен келісімді, берік ынты­мақ­тас­тық­ты, сондай-ақ әр аза­маттың өзінің туған жеріне, еліне, отба­сына деген адалдығын айғақтай түсті. Міне, осы ай­тыл­ғандардың ең ба­сын­да жас­тардың тәрбиесі мен отбасы мәселесі тұрды. Әсіресе, Мемлекет басшысының сөйлеген сө­зінен менің жадымда жастарға, өсіп келе жатқан ұр­пақ­қа деген қамқорлығы туралы айт­қандары ерекше сақталып қалды. Шы­нында да, еліміздің жарқын бо­ла­шағы сол жастарға байла­нысты.

Әсіресе, маған акушер-гинеколог дәрігер ретінде Прези­дент­тің жастарға ерекше көңіл бөлуі жаныма жылы тиеді. Өйт­кені, бү­гінде елімізде дүниеге ұрпақ әке­летін буын – 20-24 жастағы жастар. Міне, солар ең алдымен мемлекеттен қолдау күтеді. Олай дейтінім, біздер елі­міздегі бес ірі жоғары оқу орнында әлеу­меттік зерттеу жүр­­гіз­генімізде, жастардың бар­лы­ғы жұ­мыс істегісі келетіні әрі бірнеше буын ұрпақ жалғас­ты­ру­ды, яғни 30 пайыздан астамы отб­а­сын­да үш және одан да көп ба­ланың бо­луын қалайтынын біл­дірді. Ме­ніңше, біздер осын­дай оң ықы­лас-пейілді қолдауы­мыз керек. «Отан отбасынан бас­та­ла­ды» деген, сонда ғана отбасы­мыз­да беріктік, тұрақ­ты­лық көрі­ніс тауып, олар мем­ле­ке­тіміздің ны­ғаюына, өркендеп гүлденуіне қызмет етпек.

Бірде Швецияда өткен ха­лықаралық конференцияға қа­тыс­қаным бар. Онда күн тәр­тібінде аз ұлттар әйелдерінің жағдайы деген мәселе көтерілді. Сонда мен тұрып мұндай күн тәртібіндегі мәселені түсін­бей­тінімді айттым. Өйткені, Қазақ­станда ондай проб­лема жоқ. Біздің елімізде тұратын барлық этностардың мүддесін бөлмей қарайтын Қазақстан халқы Ас­самблеясы бар екенін, біз со­ны­мызбен мақтанатынымызды әрі әрбір адам өзінің еңбекке қабі­леттілігімен, білімімен мем­лекеттің дамуына үлес қосып жатқанын жеткіздім.

Тағы бір айтарым, Прези­дентіміздің өткен сессиядағы баяндамасы соншалықты рухани жағынан байыпты болып, этнос­тар­дың адамгершілік құн­ды­лық­тарына бағытталды. Мемлекет басшысының сондағы айт­қан бас­тамалары, ұсыныс­тары мен міндеттері еліміздің саяси және әлеуметтік-эконо­микалық өркен­деп, тұрақты да­муының тұғыр­намасы ретінде қабылданды. Мен ҚХА сес­сиясына қатысқанымды мәртебе көремін. Сондай-ақ мем­ле­кеті­міздің нығаюына өз еңбе­гіммен үлес қосып келе жатқа­нымды мақтан тұтамын.

Нина ҚАЮПОВА, Бейбітшілік және келісім сыйлығының иегері,  медицина ғылымдарының докторы, профессор.

 

Екі елді егіз еткен – «Тамыры бір бәйтерек»

Қазақстан халқы Ассамблеясының басшылық етуімен қазақ жеріндегі қырғыз этномәдени бірлестіктері елімізде «Тамыры бір бәйтерек» атты тарихи-мәдени жобаны жүзеге асыруды қолға алды.

Алматыдағы М.Әуезов атын­­дағы мұражай-үйдің мәслихат залында «Мұхтар Әуезов, Шың­ғыс Айтматов. Қазақ-қырғыз та­рихи-мәдени байланыстарының ажырамас бірлігі туралы» атты дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Онда бауырлас екі елдің ұлт­тық ғылым академиялары­ның мүшелері, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері бас қосып, тағдырлары тамырлас қазақ пен қырғыздың өзара тарихи-мәде­ни, рухани һәм ғылыми ортақ қа­зынасына қатысты келелі әң­гіме қозғады.

Бұл – 2011 жылдың 20 мау­сы­мында Қазақстан халқы Ас­сам­блеясы мен Қырғызстан хал­қы Ассамблеясының арасында жасасқан әріптестік келісім-шарт­қа орай және де «Түркі халықтарының өзара мәдени үндестігі: тарих пен замана» атты игі шара аясында түбі бір түркі жұртының мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалым­да­ры мен мәдени қызметкерлері, сондай-ақ жазушылары мен журналистері арасында тығыз қарым-қатынас орнату және рухани ортақ құндылықтарымыз­ды күллі әлемге паш ету мақ­са­тында Алматы қаласында өткі­зіліп отырған алғашқы басқосу.

Ағымдағы жылдың 27-28 наурызында Қырғызстанның ас­та­насы Бішкекте халықаралық семинар болып, онда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баста­ма­сымен дүниеге келген ұлтара­лық түсіністік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық жар­қын үлгісі – Қазақстан халқы Ассамблеясының келешегі мен әріптестік байланыс жасау тә­жі­рибесін талқылаған үлкен жиын өткен еді. Сол жиында қазақ жеріндегі татулық пен ұлтаралық және діни ауызбірліктің мыз­ғы­мас модуліне қызығушылық танытқан көршілес республика­лар­дың өкілдері бұл тақырыпты қызу қолдап, Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінгі күнге дейін атқарған шараларын өз мемлекеттерінде бейбіт өмірдің кепілі ретінде жүзеге асыруға ниет білдіріскен болатын. Міне, сол ізгі мақсатты жүзеге асыру жолында бауырлас елдің өкіл­дері қазақ жерінде «Тамыры бір бәйтерек» деген атпен тарихи-мәдени жобаны жүзеге асыруды қолға алып отыр. Бұл жоба мамыр айының соңына дейін еліміздің 9 өңірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қол­дауы­мен атқарылмақ.

Дөңгелек үстелге Қырғыз Рес­публикасының Қазақстан­да­ғы Бас консулы С.Убукеев, Қырғыз Республикасы Ұлттық академиясы жанындағы Философия институтының директо­ры О.Тогузаков, И.Арабаев атын­­дағы Қырғыз мемлекеттік уни­верситетінің ректоры Т.Абдрахманов, Қазақ елі тарапынан Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясы Төр­ағасының орынбасары А.Ка­ра­петян, М.Әуезов атындағы Әде­биет және өнер институ­ты­ның директоры У.Қалижан, «М.Әуе­зов қорының» президенті М.Әуе­зов, Алматы қалалық тілдерді дамыту басқармасы­ның бастығы М.Ахетов және өзге де ғалымдар қатысты.

Аталмыш жобаның мақсаты ұлттар арасындағы түсіністік пен бейбіт қатынасты нығайту, жас ұрпақты екі елдің заңғар жазушылары Әуезов пен Айт­матов шығармашылығын насихаттай отырып бауырмашылық­та, өзара туыстық қатынаста тәр­биелеу және қазақ пен қыр­ғыздың мәдениетін, салт-дәс­түрі мен рухани құндылықта­рын қастерлеп, әлемдік мәде­ниет­тің көгіне шығаруды көздейді.

Дөңгелек үстел отырысынан кейін бауырлас қазақ-қырғыз мемлекеттері  арасындағы ын­ты­мақтастықты, рухани-мәдени қатынасты одан әрі дамыту мақ­сатында екіжақты меморандум­ға қол қойылды.

Қанат ЕСКЕНДІР,

Алматы.

Суретті түсірген Берсінбек СӘРСЕНОВ.