19 Мамыр, 2012

Бақытты шаңырақ аясында

325 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бақытты шаңырақ аясында

Сенбі, 19 мамыр 2012 8:35

Даланы жайнатып, құстарды сайратқан көгілдір көктеммен әр адамның мерейін асқақтататын, қуанышқа бөлейтін, пейіл-ниеттерін біріктіретін мерекелер де бірге келеді. Осы мезгілде көктен алтын күн шапақ шашса, халық та думанды сәтті асқақ рухпен өткізіп, шат-шадыман болатыны бар. Әрине, оған – еліміздегі бейбітшілік пен тыныштық, этностар арасындағы жібек жіптей жалғасқан өзара достық пен ынтымақ алтын арқау.

 

Сенбі, 19 мамыр 2012 8:35

Даланы жайнатып, құстарды сайратқан көгілдір көктеммен әр адамның мерейін асқақтататын, қуанышқа бөлейтін, пейіл-ниеттерін біріктіретін мерекелер де бірге келеді. Осы мезгілде көктен алтын күн шапақ шашса, халық та думанды сәтті асқақ рухпен өткізіп, шат-шадыман болатыны бар. Әрине, оған – еліміздегі бейбітшілік пен тыныштық, этностар арасындағы жібек жіптей жалғасқан өзара достық пен ынтымақ алтын арқау.

Қазақстан халқының бірлігі күнін жетісулықтар да жыл сайын қуанышпен қарсы алатын дәстүр бар. Солардың қатарында Көксу ауданында тұратын әзер­байжан ұлтының өкілдері – Кулиевтер отбасы сонау 1930-шы жылдары жер аударылып кел­ген­дердің бірі. Еліміз олар үшін құтты қонысқа айналып, бірнеше ұрпақ алмасып, отбасы өсіп-өнді. Олар халқымыздың қонақ­жай, достық пейіліне сай әркез егемен елдің тілеуін тілеп, бо­лашағы бүгіннен де жарқын бо­луына атсалысып келеді.

Отан – отбасынан басталады. Мемлекетте береке-бірлік болуы үшін әрбір отбасында татулық, түсіністік болуы қажет деп есептейді. Олар көршілерімен тату, өкпелескен кездері болмапты. Маңайында қазақ, орыс, неміс, татар ұлтының өкілдері тұрады. Дастарқандары жиналмай, бір-бірін құттықтап, елдегі ынты­маққа сына түспесін деп тілейді.

– Қазақстанда өмірге келіп, осындағы бейбіт күндерді бастан кешіргеніме қуанамын. Әлемдегі ертеңіне сенімді, тұрақты ел екені анық. Бүгінде әлемнің бір жерінде соғыс, бір жерінде төң­ке­ріс орын алып жатыр. Бізде ты­ныштық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев егемен еліміздегі бейбітшілікті сақтап, ұлтына қара­мас­тан, бір шаңырақ астына біріктіріп, тең құқылы күн кешудеміз, дейді Гүлхара Кулиева.

Өткенсіз бүгінгіні болжай алмаймыз. Бұл аксиоманы Кулиевтер отбасы жақсы түсінеді. Ата-бабаларын аш-жалаңаш келгенде құшақ жая қарсы алған қазақтардың қонақжайлылығын әлі де ертегідей айтады үлкен­дер. Аға буын «қазақ халқынан айналайын» деуі осыдан. Бұл әулеттің әр мүшесі тарихи отан, екінші отан деген сөз тіркестерін мүлде қолданбайды. Олар адамда бір ғана отан болуы керек, деп тұжырымдайды. Өйткені, өсіп-өнген жері Қазақстанның бола­шағының берік болуын қалайды. Елдің өркендеуіне өздері де үлес қосуға ұмтылып, білім алуда.

– Қазақстан – менің Отаным. Оны жүрегімде мәңгі сақтаймын. Осы халықтың кеңдігі арқасында менің аталарым осы мекенге тұ­рақ­тады. Демек, мен үшін қазақтан асқан ұлт, бұл жерден артық мекен жоқ. Міне, үй салдық, ағаш отыр­ғыз­дық. Білім алдық. Қызметіміз де бар. Енді ел дамуы үшін тер төгіп, Елба­сының саясатын жүзеге асыруға үлес қосамыз, – дейді Сағиб Кулиев әңгімеге араласып.

Қандай қуанышта болмасын Кулиевтер түгел қарашаңыраққа жиналады. Бірін бірі құттықтап, үлкендер бүгінгі тірліктеріне шү­кірлік жасайды. Жастарға ел ішіндегі ауызбірлік пен ынты­мақты насихаттауға кеңес береді. Мұн­дай саяси-экономикалық тұрақты ел жоқ, дегенді жиі еске салады.

Көксу ауданында 2000-нан аса әзербайжан ұлтының өкілі тұрса, олардың көңілінде елге, жерге деген риясыз көңілді көре­сің. Олар өзге ұлт өкілдерімен қатар тату-тәтті ғұмыр кешуде.

Күмісжан БАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Алматы облысы.

Соңғы жаңалықтар