Қазақстан • 20 Ақпан, 2019

Батырдың медалі анасына табыс етілді

423 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Қазақстан» орталық концерт залында белгілі әнші, композитор Батырхан Шүкеновке берілген «Ауғанстан соғысының ардагері» естелік медалін анасына табыстау рәсімі өтті. Іс-шара Кеңес Одағы әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Батырдың медалі анасына табыс етілді

 Сол кезде «Арай» тобының құрамында болған Батырхан Шүкенов Роза Рымбаева, Бо­лат Сыздықов, Байғали Сер­­ке­баев, Наджиб Вильданов бас­­таған бір топ қазақстандық ән­шімен бірге 1983 жылы жауын­герлердің рухын көтеру мақ­сатында Ауғанстанның қан­ды соғыс орын алған ұрыс алаңына гастрольдік сапармен барып, Қандағар, Құндыз, Бағрам, Кабул қалаларының госпитальдары мен ашық 

ала­ңында концерт қойды. Бұл са­пардың қаупі мен қиындығы жөнінде әншінің Ауған даласына бірге барған досы әрі әріптесі Болат Сыздықов өз естелігінде: «Біздің ең қауіпті гастрольдік сапарымыз Ауған жерінде болды. Біз ол жерде қанды соғыс орын алған ұрыс алаңы Қандағар, Құндыз, Бағрам, Кабул қалаларының госпитальдары мен ашық ала­­ңында концерт қойдық. Ол гастрольдік сапарда тік­ұшақпен спираль жасап көте­рі­луге мәжбүр болдық. Себебі толассыз жауған жау оғы бізге де бағытталды», деп жазады. 

Бейбіт өмірде ғана емес, ха­лық басына күн туған қиын-қыстау шақтарда да азамат­тық борышын ұмытпай, елі­нің жанынан табылған әнші­нің соғысқа қатысқан жауын­гер­лердің рухын көтеруге ба­­­­­­ғыт­­талған ерлік ісі ес­кері­ліп, «Ауған соғысының ар­­да­­гері» естелік медалі таға­йын­далған болатын. Өзінің шығар­машылық жолын «Қазақ­концерт» гастрольдік-кон­церттік бірлестігінде бас­тағандықтан, Батырхан Шү­кеновтің медалі мекеменің қайта құрылуына байланысты 2016 жылы Орталық мем­ле­кеттік архивке беріліп, 2019­ жылдың басында жа­­­ңадан құрылған Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» мемлекеттік кон­­церттік ұйымына қайта табысталады. 

Әншінің өмірден өтуіне бай­ланысты, өнер иесіне ба­ғытталған құрмет анасына көр­сетіліп, «Қазақконцерт» мем­­лекеттік концерттік ұйы­мы­­ның директоры Жеңіс Сей­доллаұлы мерекелік медальді Ди­ляра Шүкеноваға салтанатты түрде табыс етті. 

– Барлығыңызға рахмет! Мен Батырды жоқ деп жүр­сем, балам әлі тірі екен. Сен­дерді көргенде өзімді ба­қытты сезіндім. Ол Ауған же­ріндегі гастрольдік сапарын жиі есіне алатын. «Елге тірі оралмай қаламын ба» деген қорқынышы болғанын да айт­қан. Бұл медаль Батырдың тірі кезіндегі өмірімді еске түсіргендей. Ұлым ұрыс 

ала­­ңы­­­нан келгенде қуана қар­­­­сы­ алып, аман келгеніне шү­кірлік айтқанымыз күні ке­шегідей жадымда сайрап тұр. Амал қан­ша?! Бұл өмірге кім ке­ліп, кім кетпеді. Олардың із­деусіз қалғаны қаншама?! Ал Батырдың іздеушісі бар. Оның әні, шығармашылығы х­алықтың жадында, жүрегінде сақтаулы. Осыған мың мәрте шүкір деймін. Батырдың өл­мейтін екінші өмірі басталды», деді Диляра Шүкенова тол­қынысын жасыра алмай. 

Сондай-ақ іс-шара бары­сын­да қазақ өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Қа­зақстанның еңбек сіңірген қай­раткері, атақты әнші әрі компо­зитор, «Ауған соғысының ар­дагері» медалінің иегері Ба­тыр­хан Шүкеновтің анасына Мә­дениет және спорт министрі Арыс­танбек Мұхамедиұлының атынан құттықтау телеграммасы жеткізілді. 

Назерке ЖҰМАБАЙ, 

«Egemen Qazaqstan»