Дәстүр мен қазіргі заман тоғысында
Жұма, 8 маусым 2012 7:40
лордада Әзербайжан Республикасы мәдениеті күндерінің ресми ашылуы барысында «Әзербайжан: дәстүр мен қазіргі заманның тоғысуы» атты көрме өтті.
Әзербайжан – жерінің кеңдігі мен халқының саны жағынан Кавказ елдері арасында жетекші орындағы мемлекет, Яғни, жер аумағы 86,6 мың шаршы шақырымды алып жатса, тұрғындары 8 миллионның үстінде. Кешегі көрмеде мемлекеттің астанасы Баку қаласының қазіргі сән-салтанаты бейнеленген суреттер айшықты көрінеді. Көрме барысында біз Әзербайжан Республикасы Мемлекеттік картиналар галереясының директоры Эльнур Гусейновты әңгімеге тартқан болатынбыз.

«Әдетте Әзербайжан атауы естілсе, ТМД-дағы басқа халықтар көз алдына ауа райы қолайсыз, ыстық жерді елестетеді. Бірақ, біздің елдің табиғаты бір мезгілде жүз күйдірердей ыстықтығымен әрі мәңгі қар басып жататын тауларымен ерекше. Оңтүстік және солтүстік аудандардың жылдың бір мезгілінде түрлі бейнеде құбылуы, қазіргі өскен, өркендеген Бакудің келбеті, ескі архитектуралық ескерткіштеріміз, қызыл кітапқа енген сирек ағаштар, шаңғы кешені – міне, біздің сіздерге көрсететін картиналарымыз. Осында келердің алдында суреттерді іріктеуден өткіздік. Соның ішінде Е.Халилов, Л.Ахунзаде, Ф.Хайруллин сынды фотографтардың суреттері таңдап алынды. Бар-жоғы 43 картина. Соның өзі-ақ Әзербайжан туралы көп мәлімет береді деген ойдамыз», – деді Эльнур Гусейнов.
Әзербайжан Республикасы – 64 аудан мен Таулы Қарабах аталатын бір облысты, сондай-ақ, Нахичевань автономиялық республикасын біріктіріп отырған мемлекет. Қазіргі таңда бұл елдің туризмді дамытуға күш салып жатқаны байқалады. Көрмедегі фотосуреттерге қоса қойылған кітаптар мен буклеттер осы сөзімізге дәлел сынды. Неге десеңіз мұнда негізінен туризмге қолайлы жерлер, демалыс орындары, мейрамханалар мен ондағы ас мәзірлері, экзотика үшін ескі шаһарлар, мұражайлар, кесенелер туралы әзербайжан және ағылшын тілдерінде жазылған ақпараттар қойылған.
«Жақсыны көрмек үшін» дегендей, біз де біраз тамашалап, сондағы түйгеніміз мынау: Елде 130-дан аса мұражайлар мен олардың филиалдары жұмыс істейді. Ең басты мұражайлардың қатарында Әзербайжан тарихы мұражайы аталса, одан кейінгі орында Әзербайжан кілемдері мен қолданбалы өнер мұражайы келушілерді қызықтыратын көрінеді. Момуне Хатун, Юсиф кесенелері, Апшерон жарты аралындағы мұнаралар – елдің қазынасы іспетті. Бейк таш, Гобустан, Кичик таш, Джингирдаг тауларында әзербайжан халқының тас заманынан бергі тарихынан сыр шертетін тастағы жазулар, ежелгі адамдардың тұрақтары, қабірлері, тас қамалдар осы уақытқа дейін сақталған. Тек Баку қаласының өзінде Ичеришехер қамалы, Гыз каласы мұнарасы, Ширваншах әулетінің сарайы, Сынык кала минареті, Сейд Яхья кесенесі сынды алды 7-ші ғасырда, соңы 15-ші ғасырларда салынған ескерткіштер бар екен. Әрине бұның бәрі туризмнің дамуына себеп болады десек, онда барған адамдарды қандай жағдай күтіп тұрғаны бөлек мәселе. Бұл жағын да ескерген әзербайжандар көрмеде өздерінің мейрамханалары мен ас мәзірін жарнамалауды да ұмытпапты. Батыс пен Шығыстың ас мәзірі, жұлдызды қонақүйлер, демалыс орындары есептелетін санаторийлер мен курорттар қазіргі замандағы Әзербайжанның бет-бейнесін айшықтап тұрғандай.
Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан».