08 Маусым, 2012

Бауырластық баурайы

367 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Бауырластық баурайы

Жұма, 8 маусым 2012 7:44

ӘСЕМ ӘЛЕМ – ӘЗЕРБАЙЖАН!

Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Әзербай­жан­ның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Асқар Бөрібаев пен Әзербайжанның Мәдениет және туризм вице-министрі Севда Мәмедәлиева қатысып, сөз сөйледі. Арқа төсінде басталып, Алатаудың баурайында жалғасатын думанды шеру маусымның 9-ы күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Орталық концерт залында өтетін гала-концертпен түйінделеді.

 

Жұма, 8 маусым 2012 7:44

ӘСЕМ ӘЛЕМ – ӘЗЕРБАЙЖАН!

Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Әзербай­жан­ның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Асқар Бөрібаев пен Әзербайжанның Мәдениет және туризм вице-министрі Севда Мәмедәлиева қатысып, сөз сөйледі. Арқа төсінде басталып, Алатаудың баурайында жалғасатын думанды шеру маусымның 9-ы күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Орталық концерт залында өтетін гала-концертпен түйінделеді.

«Менің бүгін Астанаға бі­рін­ші рет келуім. Астананың түркі әлемінің мәдени астанасы болып жариялануы тегін емес. Себебі, Астана – арман қала, деді Әзер­бай­жан Мәдениет және туризм вице-министрі С.Мәмедәлиева БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында, – Менің тағы бір байқағаным, қа­лада құрылыс жұмыстары өте қар­қынды жүріп жатыр екен. Адам қызығарлық тамаша сәулет нысандары тұрғызылыпты. Біраз жерді аралап көрдім. Қазақтар еңбекқор халық екен. Жаңадан са­лынған қала болғанмен заманауи мегаполистердің ешбірінен қа­лыспайды. Мұндай астанада өмір сүрудің өзі адам үшін зор мәр­тебе. Осының бәрі Қазақ елінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың идеясымен жүзеге асып жатқан жобалар екені даусыз.

Әзербайжан мен Қазақстан­ның арасындағы бауырмалдық бай­ланыстың тамыры тереңде жа­тыр. Бұл ұлт көсемі Гейдар Әлиев­тің тұсында басталған туыс­тық қарым-қатынас дер едім, өйткені екі ел басшыларының бір-біріне деген құрметі керемет болатын. Қазір де сол баяғы достық қа­рым-қатынас ойдағыдай жал­ға­сын тауып келеді. Қазақстан Әзер­бай­жанның халықаралық жо­бала­рына қашанда қолдау көрсетуден танған емес. Әсіресе, мәдени салада барыс-келіс дамып келеді. Сіздер біздердің жобаларымызға, біз сіздерде өтетін халықаралық фестивальдар мен вокальдық бай­қауларға қатысып тұрамыз. Кі­тапханалар мен музейаралық тә­жірибе алмасулар ұдайы тоқ­таған емес. Қарағанды облыстық театрында әзербайжан дра­ма­тургының шығармасы сахналанды. Мұны ТҮРКСОЙ Халық­ара­лық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов тамашалады. Осының өзі қазақтардың әзер­бай­жан өнеріне көрсеткен үлкен құр­меті деп есептеймін».

Биыл елорда келбеті өзгеше нақышқа бөленіп, «Астана – түр­кі әлемінің мәдени астанасы» атанды. Ақпандағы салтанатты жиынға түбі бір түркі жұртынан қонақтар келіп қатысты. Жалпы, түркі өркениетін қалыптастыруда шығармашылық топтардың қаты­суымен өтетін халықаралық фес­тиваль сынды шаралардың өзі үлкен рөл атқарып, түбі түркі жұр­тының ежелден тамырлас, рухтас екені сезілуде. Ел Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаев Қа­зақ­стан халқына Жолдауында: «Астана 2012 жылы түркі әлемі­нің мәдени Астанасы болып жарияланды. Осы халықаралық іс-шараларды лайықты өткізуіміз ке­рек» деген болатын. Әзер­бай­жанның Қазақстандағы мәдениет күндері осы мақсаттың өмірдегі айқын көрінісі іспетті әсер қал­дырады. Тар, нагара, канон сынды дәстүрлі музыкалық аспаптарда ойнайтын ансамбль «Сары гәлин» әнін, Әзербайжан Мемле­кет­тік би ансамблі «Ялла» биін, сондай-ақ Симара Иманова, Сабухи Ибаев сынды өнер ше­бер­лері «Дилькәш», «Ай, Дильбәр», «Олмасайды», «Карабах шикестеси» сияқты таңдаулы шығар­ма­ларды жоғары деңгейде орындап берді. Меймандардың жа­ның­ды жаһұтқа бөлейтін жайдары өнері Астанаға түркі өр­ке­ниетінің орталығы деуге лайық­ты тұрпат беріп, Бейбітшілік және келісім сарайы шығыстық мақамға малынды.

Түркі жұрты бір-бірін не үшін іздеп жатыр, мұрат-мүддесін бі­ріктіруіне не себеп деген сауал туады. Ең алдымен айтарымыз, бүгінгідей жаһандану заманында кім-кімге де туған тілдің толғағы басты мәселеге айналып отыр. Әдет-ғұрып пен салт-дәстүрде, дәс­түрлі музыка мен тіл мәсе­ле­сін­де өзара бірлесіп, ойласып шешетін жәйттер баршылық. Ха­лықтық игілікті, ортақ қазынаны корғап, сақтау үшін де түбі түркі жұртының бірлігіне көп нәрсе байланысты болып отыр. Тарих сабағы рухани қанаты қайы­рыл­ған халықтың қалыбы бұзыларын ақаусыз жеткізеді. Бұл ретте әзер­байжан мәдениеті мен өне­рі­нен қаймағы бұзылмаған өнегені, тұнығы шайқалмаған бұлақты байқадық. Танымал өнер ше­берлері мерекелік кеште ұлттық музыканың інжу-маржандарын орын­дап, өнердің қай саласында болсын өздерінің халықтық кәу­сардан қанып ішкен ұрпақтың жалғасы екендіктерін аңғартты. Қай шығарма да шынайы рухында шырқалды. Әзербайжанның Мемлекеттік би ансамблі, ұлт-аспаптар ансамблі, Ф.Амиров атын­дағы Мемлекеттік ән-би ансамблінің балет тобы әзер­бай­жан халқының бұрынғы дәстүрлі мәдениеті мен жаңғырған кейінгі кейпінің тұтас бейнесін қамтыған бағдарлама ұсынды. Жалпы, әзер­байжан музыкасы мен сахналық өнері дегенде, қазақ көрермені алдымен У. Гаджибековтің есімін айтары сөзсіз. «Аршын мал алан» спектаклі күні бүгінге дейін кө­рерменнің сүйіп тамашалайтын бірден-бір сахналық қойылымы десек, кеңестік заманның өзінде-ақ зор құрметке ие, эстрада жұл­дызы Полад Бюль-Бюльоглының есімін білмейтін бірде-бір қазақ­стандық жоқ шығар. Айта берсек, екі халық руханиятына ортақ мұндай қымбат тұлғалар бар­шы­лық. Мәдени жақындасулар сол өнегені әрмен қарай жалғас­ты­ра­ры­на сенеміз.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан».