Қазақстан • 21 Ақпан, 2019

Астанадағы сұранысқа ие мамандықтар қандай?

665 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2018 жылы жеті жүзге тарта адам Халықты жұмыспен қамту орталығында қайта оқыту курстарынан өтті. Олардың 70% тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Астанадағы сұранысқа ие мамандықтар қандай?

Халықты жұмыспен қамту орталығында мәлімдегендей, қазіргі таңда Астананың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың қатарында тәрбиешілер, наубайшылар, аспаздар, тігіншілер, шаштараздар, электр мен газ дәнекерлеушілер, сауда менеджерлері, бақылаушылар, кассирлер мен даяшылар бар. 

«Қазір төрт мыңнан астам бос жұмыс орны бар. Алайда, жоғарыда аталған салаларда дайын мамандардың тапшылығы байқалады. Жастар өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналаспайды. Басты себеп – мамандықты дұрыс таңдамау» делінген орталықтың таратқан хабарламасында. 

Осы ретте Халықты жұмыспен қамту орталығы қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыруда. Мамандығын өзгерткісі келген әр адам жас ерекшелігіне қарамастан келіп басқа мамандыққа қайта оқи алады. Осы жылы Аружан Ақпар 18 жасқа толды. Ол ҰБТ-ден тиісті ұпай жинай алмай, ЖОО түсе алмаған. Осылайша Аружан Халықты жұмыспен қамту орталығының көмегіне жүгінген болатын. Ол қысқа мерзімді курста оқып, наубайшы мамандығын игеріп шықты.

«Халықты жұмыспен қамту орталығы оқуға және жұмысқа орналасуға көмектеседі дегенді естіп, құжаттарымды алып орталыққа келдім. Уақыт кетірмей бірден наубайшы Әлия Сергееваның шәкірті атандым. Оқу процесінде нанды пісіру техникасын және тәтті тағамдардың көптеген түрлерін пісіріп үйрендім, сонда практикадан өттім, ал кейін жұмысқа орналастым», дейді орталық шәкірті.

Жас маман өз ісінің нағыз шебері атанды. Аружанға тапсырыс берушілер көп, ал ең бастысы – ол өз жұмысын жақсы көреді. Қолы босағанда Аружан тәтті тағамдарын әлеуметтік желі арқылы сатып қосымша табыс табады.

«Біз жұмысы жоқ адамдарға қысқа мерзімді курстан өтуді ұсынамыз. Біздің курстар дипломы, тәжірибесі жоқ және мамандығын ауыстырғысы келетін жандарға арналған. Оқу мамандық таңдауына байланысты 1 айдан 3 айға дейін жалғасады» деді Астана қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіби маман бөлімінің басшысы Азамат Байтасов.

2018 жылы Астанада 700-ге жуық адам қайта оқыту курстарынан өтті. Олардың 70% тұрақты жұмысқа орналасты.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше