Аймақтар • 21 Ақпан, 2019

Мобильдік топтар базарларды аралап, бірыңғай жиынтық төлем туралы ақпарат беруде

185 реткөрсетілді

Ақпан айының бастап Жұмыспен қамту орталығы құрған мобильдік топтар базар, СОСО, сауда орындарын аралап, бірыңғай жиынтық төлем туралы ақпаратты түсіндіруде. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мобильді топ әлеуметтік медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры органдарының және БЖЗҚ өкілдерінен тұрады. Топ мүшелері бірыңғай жиынтық төлем туралы түсіндіріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап беруде. Ақпарат жазылған брошюралар, буклеттер таратылды, онда БЖТ өз бетімен төлеу арналған қажетті ақпарат көрсетілген. «БЖТ – бұл азаматтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін тіркеудің жеңілдетілген режимі. БЖТ ЖСН арқылы екінші деңгейлі банктер арқылы немесе төлем терминалдары арқылы төлеуге болады», – деп түсіндірді Халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіптік оқыту бөлімінің сектор меңгерушісі Мейрамгүл Имашева.   

Мейрамгүл Имашеваның айтуынша, мобильді топтар «Әсем», «Сарыарқа», «Әлем», «Астаналық» сауда үйлеріне, «Көк базар», «Алаш» базарына сондай-ақ, жоғары оқу орындары мен колледждерге барады. Естеріңізге саламыз, 2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Бірыңғай жиынтық төлем тәртібін енгізудің басты мақсаты– бейресми түрде жұмыспен қамтылған тұлғаларды тіркеу қызметін жеңілдету. Ол жеке табыс салығы, БЖЗҚ зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарнасын төлеу, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аудару және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (МӘСҚ) әлеуметтік төлем төлеу сияқты төрт міндетті төлемді біріктірген бір реттік төлем болып табылады. БЖТ барынша ыңғайлы жасалған. Ол мемлекеттік тіркеу,тексеру және салықтық есепті талап етпейді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар