Іс-шараның негізгі мақсаты - Үкіметтің Парламент қарауына ұсынған заңнамалық құжаттардың негізгі тұжырымдамалық аспектілерін талқылау. Осы мәселелерді шешу қазақстандық ішкі нарықтың дұрыс жұмыс істеуіне оң әсер етуі керек, - деді жұмыс тобының жетекшісі, депутат Екатерина Никитинская.
Іс-шарада Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы орынбасарының м.а. Мәди Такиев, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарушы директоры, Заңнама департаментінің директоры Лаура Мерсалимова оңалту және банкроттық рәсімдерді жетiлдiру мәселелеріне қатысты баяндама жасады.
Өз кезегінде баяндама жасаған депутат Екатерина Никитинская заң жобасымен жұмыс барысында оңалту және банкроттық рәсімдердің тиімділігін арттыруға байланысты міндеттердің шешілу жолдарын ұсынды. Атап айтқанда, банкроттық және оңалту рәсімдерін қолданудың экономикалық негіздемесін жасау, бизнеске арналған инвестициялық тәуекелдерді төмендету және жалпыға бірдей қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкес инвестициялардың сақталуын құқықтық қамтамасыз ету, сондай-ақ, нақты секторды жылдам қалпына келтіру мүмкіндігі сияқты басқа да бірқатар ұсыныс айтты.
Үкімет оңтайландыру және банкроттық рәсімдерін жетілдіру жөніндегі заңнамалық түзетулердің жобасын 2018 жылдың соңында Мәжіліс қарауына ұсынған. Оның негізгі бағыттарының бірі - оңалту және банкроттық рәсімдерін қолдану негіздерін жеңілдету. Отырыс барысында депутаттар қасақана және жалған банкротқа ұшыратып, «Кредиторларға мүліктік зиян келтірді» деп біріктіретін заң жобасының ережелеріне, сондай-ақ, қасақан банкроттық жасайтындар мен оның жауапкеркішілігіне қатысты мәселелерге ерекше назар аударды.
Іс-шара қорытындысы бойынша отырысқа жетекшілік еткен Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова талқылау барысында айтылған ұсыныстар жұмыс тобында ескерілетіндігін жеткізді.