- Облыстағы ауруxаналар мен емxаналарда қазіргі таңда 97 дәрігерлер жетіспейді. Ол - неонатологтар, анестезиологтар, акушер-гинекологтар, сондай-ақ жалпы тәжірибе дәрігерлері. Алайда Денсаулық сақтау басқармасының кадрларды жұмылдыру бағдарламасы өз нәтижелерін беріп жатыр. Өткен жылы облысқа 333 дәрігер келді, 260 - жас мамандар, - дейді Дана Байкенова.
Баяндамашының айтуынша, мамандарды тарту үшін Денсаулық сақтау басқармасы 2016-шы жылдан бері оларға баспана бере бастаған. 2016-шы жылы дәрігерлер 4 пәтер алған, 2017 жылы - 26 пәтер.
- 2018-ші жылы Балқашта және Саранда жас мамандар 27 пәтер алды. Сонымен қатар осы жылдың соңына дейін тағы 63 пәтер беріледі. Қоныс тойларын Абай, Шахтинск, Жезқазған және Қарағанды, сондай-ақ Ақтоғай ауданындағы дәрігерлер тойлайтын болады, - деп атап өтті Дана Байкенова.
2020 жылы Денсаудық сақтау басқармасы Қарағандыда, Теміртау, Жезқазған және Қарқаралыда 210 пәтер беруді жоспарлап отыр.