Ұйымның басты мақсаты – шаһар келбетіне қатысты жобалық жоспарларды дайындау.
Сондай-ақ, шаһар тұрғындарына ыңғайлы болу үшін аталған мекеменің сайты да іске қосылған. Интернет ресурсты жасаушылар цифрландыру нәтижесінде жер телімдерін сату-сатып алу барысындағы көптеген түйткілдер алдағы уақытта оңтайлы шешіледі дейді. Бұған қоса сайттан нысанның мекенжай анықтамасын алып, «Қызыл» сызыққа түсетін учаскелер туралы мәліметті көріп, білуге болады.
Осылайша қалалық сәулет басқармасынан алатын қажетті анықтаманы тұрғындар енді үйден шықпай-ақ ала алады.
Нұршат ТӨКЕН,
«Egemen Qazaqstan»
Шымкент