Қазақстан • 21 Ақпан, 2019

Қызылорда облысында электронды кітапханалар жұмыс істейді

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры «Нұр Отан» партиясының «Bilim Ortalygy» жобасы аясында «Kitap.kz – Қазақстанның ашық кітапханасы» жобасын жүзеге асырып жатыр.

Қызылорда облысында электронды кітапханалар жұмыс істейді

Жоба бойынша 12 коворкинг орталығы ашылған. Биыл аудан орталықтары мен ірі елді мекендерде тағы 17 орталық ашу жоспарланып отыр екен.

– Біз 31 мыңнан астам оқырманға қызмет көрсетеміз. Оның 11500-ден көбі – 14 пен 29 жас аралығындағы жастар. Қорымызда 414 533 кітап бар. Партиялық жоба аясында түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. Ақпарат пен электронды ресурстардың да қоры мол. Өткен жылы кітап қоры 4068 дана жаңа кітаппен толықты, – дейді Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Нұржамал Мырзамұратова.

Бүгінге дейін атқарылған жұмыстарды жүлгелейтін болсақ, биыл 27 ақпанға дейін Сыр өңірінен 100 кітаптың электронды нұсқасын дайындап, Ұлттық аударма бюросына жолдау жоспарланып отыр. Цифрлық форматқа бірінші кезекте өлкетану басылымдары, сирек кітаптар мен газеттер көшіріліп жатыр. Қазіргі таңда өлкетану бағытындағы 6617 кітап цифрлы форматқа көшірілді. Ұлттық аударма бюросына жолдануы тиіс 100 кітаптың бүгінгі күні 80-і аударылып, Word, PDF нұсқалары жолданды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы