Министр Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастыққа үлкен мән беріп отырғанын атап өтті. Сыртқы істер министрлігінің инвестицияларды тарту және экспортты ілгерілету жөніндегі жаңа функцияларын ескере отырып, ЕҚДБ-мен өзара іс-қимыл күшейтілетін болады.
Сұхбаттасушылар жыл сайын ЕҚДБ Президенті Сума Чакрабарти қатысатын ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмысын және оның алдағы отырысын талқылады. Банк «Астана» Халықаралық қаржы орталығын құруға қолдау көрсетуде. Сондай-ақ, «Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы» жобасының сәтті жүзеге асырылуы және ЕҚДБ-ның басқа да инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қосқан үлесі атап өтілді. Қазіргі таңда еліміздің бірқатар облыстарында автокөлік жолдарын, сушаруашылық және гидромелиоративті жүйелерін қайта жөндеуге бағытталған жалпы сомасы 362,8 млн. АҚШ долларын құрайтын ЕҚДБ-нің жобалары іске асырылуда.
ЕҚДБ - 1991 жылы құрылған халықаралық қаржы ұйымы болып табылады. Орталық Еуропадан Орталық Азияға дейін, сондай-ақ Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі елдерінде жобаларды қаржыландырады. Ұйым басымдықтарының қатарына мемлекеттік кепілдікпен және мемлекеттік кепілдіксіз несие беру арқылы қаржы секторын, шағын және орта бизнесті қолдау, үкіметтік қарыздар беру, мемлекеттік кепілдіктерге берілетін қарыздар және мемлекеттік кепілдіктер жоқ инфрақұрылымды дамыту мәселелері кіреді.
Банк сондай-ақ табиғи ресурстар, байланыс және агроөнеркәсіп кешені сияқты салаларда белсенді жұмыс жасайды.
Гүлбаршын САБАЕВА,
«Егемен Қазақстан»
Алматы