Аймақтар • 21 Ақпан, 2019

Жайық өзені бойында ауқымды рейд өткізілді

150 реткөрсетілді

2019 жылғы 20 ақпанда ҚР ІІМ ТЖК «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп Атырау қаласындағы Жайық өзені бойында ауқымды рейд жүргізді. Бұл туралы Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы хабарлады.

Бұл жолы құтқарушыларға жергілікті «Атырау» телеарнасының өкілдері қосылды.

Алдымен құтқарушылар Атырау қаласының Орталық көпірі тұсындағы Жайық өзені бойымен жүріп шықты. Ол тұста құтқарушылар мұз үстінде конькимен, шанамен жігерлене сырғанап жүрген студенттерді, оқушыларды, ата-аналарды, тіпті кішкентай бүлдіршіндер де кезіктірді.

Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы мен Төтенше жағдайлар басқармасының құтқарушылары олардың әрқайсысымен әңгімелесу өткізіп, мұз үстінде топ болып жиналып тұру өте қауіпті екенін түсіндірді. Сондай-ақ, мұз үстімен өткен кезде 5-6 метрлік ара қашықтықты сақтау қажет екенін қатаң ескертті.

Содан соң, шанамен ойнап жүрген балалармен сөйлесіп, оларға мұздың қауіптілігін түсіндіріп, 101 және 112 құтқару қызметтерінің телефондарын естеріне салды. Жарақаттанудың алдын алу мақсатында, ата-аналарға балаларын қатаң қадалағап жүруді тапсырды.

Одан әрі құтқарушылар Баймуханов-Мечников көпірі тұсына бағыт алды, онда балық аулаушыларды көп кездестірді. Балық аулап отырып спирттік ішімдіктерді қолданатын балық аулаушылар, құтқарушыларды қатты алаңдатады. Әдетте мас күйінде көптеген адамдар қаза болуы мүмкін, өйткені адам өз  қимылын қадағалай алмай қалады.

Жасақ құтқарушылары қысқы балық аулау әуесқойларына жеке құтқару құралдарын үнемі өздерімен бірге алып жүруге, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Өткізілген бірлескен рейд нәтижесінде 100-ге жуық Атырау тұрғыны ақпараттандырылды.

Бүгінгі күні Жайық өзеніндегі мұздың қалыңдығы 25-26 см құрайды. Құрметті тұрғындар, мұзға шықпас бұрын қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және өміріңізді сақтауға көмектесетін  ережелерді естеріңізде сақтап жүріңіздер! Абай болыңыздар!

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қайран тілім қор болды-ау!..

Руханият • Бүгін, 10:08

Жаңғырық жайлы хикая

Руханият • Бүгін, 10:05

Қаламның қарагері

Руханият • Бүгін, 10:00

Камбэктің драмалық хикаясы

Спорт • Бүгін, 09:46

Толағайлар неге тоқырады?

Спорт • Бүгін, 09:20

Халықаралық әуежай салынады

Аймақтар • Бүгін, 09:12

Дәстүр білген адаспас

Руханият • Бүгін, 09:07

Ұлт газеті ұлықталған күн

Руханият • Бүгін, 08:58

Ұқсас жаңалықтар