19 Маусым, 2012

Дәрі-дәрмек өнеркәсібі қарқынды даму үстінде

829 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Дәрі-дәрмек өнеркәсібі қарқынды даму үстінде

Сейсенбі, 19 маусым 2012 7:34

Қазақстанның фармацевтика саласы өзінің қарқынды даму кезеңіне келіп кірді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әзірленген және жүзеге асырылу үстіндегі еліміздің индустриялық-инновациялық үдемелі даму бағдарламасының бір бағыты болып табылатын бұл саладағы мемлекеттік стратегия отандық дәрі-дәрмек индустриясын жаңғырту, қазақстандық кәсіпорындарға дәрі-дәрмек жасаудың әлемдік стандарттарын енгізу, халықты қажетті дәрі-дәрмекпен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етіп, таяудағы жылдардың ішінде сыртқы рыноктарға шығу шараларын жүзеге асыруға бағытталған.

Сейсенбі, 19 маусым 2012 7:34

Қазақстанның фармацевтика саласы өзінің қарқынды даму кезеңіне келіп кірді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әзірленген және жүзеге асырылу үстіндегі еліміздің индустриялық-инновациялық үдемелі даму бағдарламасының бір бағыты болып табылатын бұл саладағы мемлекеттік стратегия отандық дәрі-дәрмек индустриясын жаңғырту, қазақстандық кәсіпорындарға дәрі-дәрмек жасаудың әлемдік стандарттарын енгізу, халықты қажетті дәрі-дәрмекпен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етіп, таяудағы жылдардың ішінде сыртқы рыноктарға шығу шараларын жүзеге асыруға бағытталған. «СҚ-Фармация» ЖШС басқармасының төрағасы Назарбек Бейсенмен арадағы әңгімеміз аталған іс-шаралардың қалай орындалып жатқандығын қамтыды.

– Назарбек Есіркепұлы, бізге белгілі болғанындай, еліміздің фармацевтика саласы 2014 жылға дейін GMP халықара­лық сапа стандартына көшуі тиіс екен. Осы мәселеде салада­ғы мемлекеттік оператор ретін­де «СҚ-Фармация» ЖШС қан­дай рөл атқармақ?

– Еліміздің экономика сала­сын­дағы басты құжат индустрия­лық-инновациялық үдемелі даму бағдарламасын жүзеге асыру жеті бағыттан тұратыны белгілі. Сол бағыттардың бірі – елімізде бә­секеге қабілетті фармацевтика саласын қалыптастыру болып табылады. Осы міндетті жүзеге асыру үшін бұл саланы 2014 жылға дейін GMP стандарттарына то­лық­тай көшіру мәселесі жоспар­ланған.

Әрине, мұндай үлкен міндетті жүзеге асыру үшін салаға ауқым­ды инвестициялар салу қажет. Ал мұндай инвестициялардың бере­тін пайдасы одан да зор. Мұны есептеу қиын емес. Мәселен, соң­ғы жеті жылда елімізде дәрі-дәрмектердің сауда айналымы жыл сайын 15-20 пайызға өсіп, өткен жылы 1,3 миллиард долларды құрады. Егер біз алдымызға қойған міндетке сәйкес отандық дәрі-дәрмек өндірісін дамытатын болсақ, мұншама мол қаржы сыртқа кетпей, еліміздің өз ішінде қалатындығы, осы арқылы халық­тың тұрмыс жағдайын жақсар­туға, экономиканың дамуына оң нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ететіндігі белгілі.

Осы ретте, Бірыңғай дистрибьютор ретіндегі «СҚ-Фармация» ЖШС-на жүктеліп отырған негізгі міндеттердің бірі дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алған кезде преференциялар беру арқылы отандық өндірушілерді қолдау болып табылады. Осы арқылы біз бизнес қауымдастығына мемле­кет­тік қолдауды көрсете отырып, олардың қолданыстағы өндіріс­терін GMP халықаралық стандарттарына сәйкес қайта жарақ­тан­дыруларына, импортты алмас­тыратын жаңа дәрі-дәрмек өн­ді­ріс­терін ашуға елеулі ықпал ете­тін боламыз.

– Енді отандық өндіріс­ші­лермен ынтымақтастықтың осы мәселесіне нақтырақ тоқта­ла кетсеңіз.

– Бізде мұның нақты жолдары мен тетіктері әзірленген. Егер дәрі-дәрмек шығаратын отандық зауыттың өнімі халықаралық сапа жүйесіне сәйкестендірілетін болса, оларға мемлекет қолдауы көрсе­тілетін болады.

Мұны жүзеге асырудың бі­рінші тетігі – мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізген кезде отандық өндірісшілерге артық­шы­лықтар берілуі. Мәселен, «СҚ-Фармация» ЖШС-нің тегін ме­ди­циналық көмектің кепілді кө­лемі бойынша дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйым­дарды сатып алу көрсеткіші 2012 жылы 60 миллиардтан астам тең­гені құрамақ. Міне, осы қаржыны орналастырған кезде біз ішкі рыноктағы импорттық тауарларды отандық өнімдермен алмастыру бағытында жұмыс істеп жатқан өндірісшілерге бірінші кезекте назар аударатын боламыз. Әрине, олар шығаратын дәрі-дәрмектер мен құрал-жабдықтардың қанша­лық­ты сапалы екендігін де ескере­міз. GMP стандарттарын енгізудің өзі осы талаптан туындап отыр.

Ал енді осы мәселедегі отан­дық өндіріске тигізетін мемлекет көмегінің көлемі қандай десеңіз, егер біз 2009 жылы отандық өнді­рісшілердің дәрі-дәрмектерін сатып алуға өзімізге бөлінген қаржы­ның 10 пайызын ғана жұмсасақ, 2012 жылы бұл көрсеткіш 68 пайыз­ға дейінгі натуралық көрсет­кішке жетіп отыр. Бұл көрсеткіш­тен бір жағынан алғанда, мемле­кет­тің отандық өндірісті қанша­лық­ты деңгейде қолдап отырған­дығын аңғарсақ, екінші жағынан алғанда отандық дәрі-дәрмек өнді­рі­сінің де қандай қарқынмен дамып келе жатқандығын байқаймыз.

Қолдау тетігінің екінші бір түрі – «СҚ-Фармация» ЖШС-нің отан­дық өндірісшілермен ұзақмерзімді келісім-шарттар жасау. Бұл келі­сім-шарттар жеті жылдық мерзімді қамтиды. Мұндай келісім-шарттар­ға қол жеткізген отандық өндіріс орны көп жылғы тапсырыспен қам­тамасыз етілетіндіктен, өз жұ­мыстарын сенімділікпен жүргізе алады. Өйткені, мұндай жағдайда олар жылда тендерге қатысу ма­шақатынан құтылады. Әрине, ол үшін өндірісшілер ең бірінші кезекте GMP (дәрі-дәрмектер шығару үшін) және ИСО (медициналық мақ­саттағы бұйымдар шығару үшін) стандарттарына сәйкес серти­фикаттарға ие болу қажет.

–     Сіз айтып  отырған мәсе­леге байланысты отандық өнді­рісшілер мен дәрі-дәрмектер жә­не медициналық бұйымдар сатып алу жөнінде жасалған нақ­ты келісімдер бар ма?

– Әрине, бар. Мәселен, біз бір­қатар отандық дәрі-дәрмек өндірі­сі­нің ірі кәсіпорындарымен 14 ұзақ­мерзімді келісім-шарттар жа­садық. Қазір осының негізінде бұл кәсіпорындар өндірістерін жаңғыр­ту жұмыстарын қолға алып отыр.

Атап айтқанда, «Нобел Алматы фармацевтика фабрикасы» АҚ біз­бен келісім-шарт жасаудың нәти­же­сінде қазіргі күні технологиялық қайта жарақтандыру жұмыстарын жүргізіп, қазақстандық рынокта бірінші рет GMP халықаралық стан­­дарттарына ие болды. Бұл фабрика өнімінің сапасының артқан­ды­ғын білдіреді және олар өз өнімдерін шетелдік рыноктарға да еркін шығара алады.

Сондай-ақ біздің қолдауымыз­дың нәтижесінде Шымкенттегі «Хим­фарм» АҚ Польшадағы дәрі-дәрмек өндірісінің көшбасшысы болып табылатын «Польфарма» компаниясымен бірлесе отырып, өз өнімдерінің сапасын көтеріп, ха­лық­аралық стандартқа қол жеткіз­ді. Таяудағы төрт жылдың ішінде елімізде құрылып отырған бірлес­кен кәсіпорын акционерлері 80 мил­лион доллар қаржы салып, технологиялық желілерді жаңғыр­ту жұмыстарын қолға алды.

Тараздағы Super Pharm компаниясына да осындай қолдау көрсе­тілді. Соның нәтижесінде бұл компания таяу болашақта өз бұйым­дарының 20 пайызын экс­портқа бағыттай алатын болады.

Жасалған келісім-шарттар аясында «СҚ-Фармация» ЖШС аталған үш кәсіпорыннан 2 миллиардтан астам теңгенің 37 түрлі өнімдерін сатып алды.

Сонымен қатар, қазіргі күні отандық өндіріске шетелдік ірі дәрі-дәрмек өндірісшілерін тарту жөніндегі жұмыстар да қызу қарқынмен жүргізілуде.

– Жуырда ғана елімізде V Астана экономикалық форумы­ның өткені белгілі.  Оның жұ­мысына сіздер қатыстыңыздар ма?  

– Әрине, қатыстық. Осы форум аясында еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі және «Назарбаев университеті» акционерлік қоғамымен бірлесе отырып, «Медицина мен фармацевтика өнеркә­сі­бін дамытудың өзекті проблемалары» деген тақырыпта панельдік сессия ұйымдастырдық.

Форумда жүргізілген жұмыс­тар нәтижесінде Денсаулық сақ­тау министрлігі үш ірі шетел­дік фармацевтикалық компаниялар – «Санофи-Авентис Қазақ­стан» (Франция), «Мерк Шарп энд Доум» және «Пфайзер Эйч-Си-Пи Корпорэйшн» (АҚШ) компанияларымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Басқа да бірқатар екіжақты келі­сім-шарттар жасалды. Осылардың нәтижесінде еліміздің дәрі-дәрмек және медициналық құрал-жаб­дықтар өндірісі одан әрі дамитын болады.

Қысқасын айтқанда, қазіргі күні еліміздегі фармацевтика саласы қарышты қадаммен алға басу үстінде. Бұған Елбасының бас­шылығымен отандық өндірісті жаң­ғырту мен  дамыту жөнінде жүр­гізіліп жатқан жұмыстар үл­кен ықпал етуде.

Себебі, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандырылған кәсіп­орын өз өнімімен  жалпы көлемі 17 миллиардтан астам долларды құрайтын Кеден одағы рыногына және Бірыңғай экономикалық кеңіс­­­тікке шыға алады. Егер біздің отандық ішкі рыногымыздың көлемі 1,1 миллиард долларды ғана құрайтындығын еске алсақ, бізге бұл рынокқа шығудың маңы­зы зор. Ал бұл ортақ эконо­микалық кеңістікте дәрі-дәрмек өндірушілер үшін негізгі құжат GMP ережелері болып табылады. Тіпті, маркетингтік көзқарас тұр­ғысынан өте тамаша да қызықты өніміңіз болса да GMP құжатта­рынсыз оған, яғни Бірыңғай эко­но­микалық кеңістікке шығу мүм­кін емес. Сондықтан саланы таяу­дағы жылдардың ішінде GMP халықаралық стандарттарына кө­шіру талабы ешбір өзгермейді. GMP бізге дәрі-дәрмектердің сапасы туралы проблемаларды шешуге, қазақстандық дәрі-дәрмек­тер­дің экспортын ұлғайтып, оны ғаламдық дәрі-дәрмектер рыногы­ның өзіндік бір бөлшегіне айнал­дыруға мүмкіндік береді.

– Әңгімеңізге рахмет. Жұ­мыс­тарыңыз жемісті болсын

Әңгімелескен  Сұңғат ӘЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».