Жылы сөзге жетер ештеңе жоқ
Сенбі, 30 маусым 2012 7:51
Біздің бөлімде негізінен бас-ми ісіктері науқасына шалдыққан жандарға медициналық көмек көрсетіледі. Бұл науқастардың саны жылдан-жылға көбеймесе, азайып отырған жоқ. 2009 жылы бөлімшемізде аурудың осы түріне 340 ота жасалды. 2010 жылы 350 адамға, былтыр 385 адамға жасалса, биылғы жарты жылдықтың өзінде 250 адамға ота жасадық. Бұны біз бір жағынан қазіргі медицинаның, оның ішінде диагностиканың дамуымен түсіндірер едік. Өйткені, бұрын адамдардың көпшілігі миында ісік бар екенін білмей жүре беретін. Қазір тексеріліп, науқасын анықтап, соған сәйкес қажетті емін алып, ота жасату керек болса, оған да келісіп, нәтижесінде қалыпты тіршілігіне қайта оралуда.

Ісіктің негізгі себебі деп радиацияны айтып жатады. Бірақ бұл пікірмен толық келісуге болмайды. Бұл – бір ғана фактор. Адамдардың өмір салты, қоршаған ортаның экологиясы да ісіктің таралуына алып келеді. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың саны көбірек. Бірақ бұл науқастар тек осы облыстарда тұрады деген сөз емес. Жыл сайын облыстардағы көрсеткіш түрлі деңгейде ауысып отыр.
Орталық ашылғалы бері біздің бөлімшеде қолданып жүрген төмен инвазивті оталардың бірегейі – эндоскопиялық транссфеноидальды хирургия деп аталады. Бұл мұрын арқылы жасалатын ота. Бастағы ісікті бұрын бассүйекті тесу арқылы сылып тастайтын. Қазіргі әдіс сүйекті тескен соң орын алатын қолайсыздықтар мен қиындықтарға жол бермейді. Операция арқылы бастағы без ісігін, бассүйекте түзілген ракты, менингиома сияқты бірқатар ісіктерді алуға болады.
Жоғары технологияларды пайдаланып бас қаңқасындағы және ми ішіндегі, мидың терең қатпарларындағы, сондай-ақ мидағы маңызды қызмет атқаратын аумақтардағы өте үлкен ісіктерді жою барысында табысты оталар жасалуда.
Науқастарды отаға мұқият дайындаймыз. Дәрігерлер алдымен олардың көңіл-күйлерінің қалыпты болуларын қадағалауға тиіс деп есептеймін. Сол үшін де медицина саласындағы ең бір көңіл аударуды қажет ететін мәселе деп осыны айтар ем. Бір ауыз сөзбен адамды өлтіруге де, бір ауыз сөзбен өлгелі жатқан адамды бері қайтарып алуға да болады. Сол үшін атам қазақ «айтылған сөз – атылған оқ» дейді. Дәрігерлер қауымы науқас жандардың көңілін аялап, олардан жылы сөзін аямаса екен деймін. Әйтпесе дәл осы заман ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманы. Оның ішінде медицина да айтарлықтай алға жылжыды. Кез келген ауруға түрлі бағытта, түрлі әдіспен ем табылуда. Ал жылы сөз барлық кезде табыла бермейді.
Нұржан Рыскелдиев,
жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі.