23 Тамыз, 2012

Жаңа бағдарлама аясында

390 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Жаңа бағдарлама аясында

Бейсенбі, 23 тамыз 2012 7:31

– Біздің емхана күніне 500-дей адамды қабылдай алады, – деп бас­тады әңгімесін Екібастұздағы аурухананың бас дәрігері Марат Біләлов. – Жалпы құны 120 миллион теңге тұратын заманауи ме­ди­ци­налық технологиялық құрал-жабдықтары сатып алынды. Мы­са­лы, Жапония, Италия, Голландия, Ресейден әкелінген биохи­мия­лық клиника, иммунды ферменттік талдау зертханасы, функ­ционалдық диагностика сияқты қазіргі таңда дамыған елдер ғана пай­далана алатын құрал-жабдық­тар бар. Ал, әйелдер денсаулығын қарауға арналған маммография кабинеті Баянауыл ауданының да тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Бейсенбі, 23 тамыз 2012 7:31

– Біздің емхана күніне 500-дей адамды қабылдай алады, – деп бас­тады әңгімесін Екібастұздағы аурухананың бас дәрігері Марат Біләлов. – Жалпы құны 120 миллион теңге тұратын заманауи ме­ди­ци­налық технологиялық құрал-жабдықтары сатып алынды. Мы­са­лы, Жапония, Италия, Голландия, Ресейден әкелінген биохи­мия­лық клиника, иммунды ферменттік талдау зертханасы, функ­ционалдық диагностика сияқты қазіргі таңда дамыған елдер ғана пай­далана алатын құрал-жабдық­тар бар. Ал, әйелдер денсаулығын қарауға арналған маммография кабинеті Баянауыл ауданының да тұрғындарына қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, бұрынғы ескі емхана ғимаратын да 54,3 миллион теңге жұмсап күрделі жөндеуден өткіздік. Қазір онда балалар кеңесі мен қалалық балалар стомато­ло­гиясы орналасқан. Орталық емханада 332 дәрігер еңбек етуде. Жыл сайын тұрғындар денсаулығы жақ­саруда, бұл ауру-сырқаудың азаю көрсеткіштерінен байқалып отыр. Соңғы 5 жылда өлім-жітім мың тұрғынға шаққанда 9,6-дан айналып, 15 пайыз төмендеді. Туу 16,6 деңгейге жетті, табиғи өсім 30 пайызға дейін көбейді. Нәрес­телер өлімі азайып келеді. Өткен жылы мың баланың 8,0-і ғана шетінеді. Сонымен қатар, білікті дә­рі­герлер, жаңа технологиялық құ­рал-жабдықтар арқасында туберкулез, онкология аурулары бойын­ша көрсеткішті төмендетуге қол жеткіздік. Медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында емханада ішкі аудит комиссиясы құрылды.

– Жас мамандардың жағ­дайы қалай?
– Өз басым жас маман дәрі­герлер аурухананың, емхананың болашақ иелері деп ойлаймын. Жаңа бағдарламаларды жүзеге асы­ратын, жаңа технологиямен жұмыс жасайтын осы жастар ғой. Оларға жол ашық. Емханада бұл күндері 12 жас дәрігер еңбек етуде. Қала әкімдігі әрқайсысына 500 мың теңге көлемінде көтерме ақы төледі, әр жылдары келген 24 ма­ман­ға пәтерлердің кілттері тап­сырылды. Бүгінгі күндері елімізде халық денсаулығын сақтау бары­сында атқарылып жатқан істер көз алдымызда. Яғни, дені сау қоғам­да мемлекеттің де экономикасы дамып, адамдар да жақсы өмір сүруге қол жеткізеді. Денсаулық жақсы болса, көңіл де тыныш. 2010 жылы 30 дәрігер мен 34 ме­дициналық бике Алматы, Астана, Семей қалаларында қайта даярлау курстарынан өткен болса, өткен жылы 29 дәрігер мен 83 медбике білімдерін жетілдіріп қайтты.
– Қалаға қарайтын ауылдық аумақтар да бар ғой. Олар қыз­метпен қалай қамтылып отыр?
– Дәрігерлер бригадасының шал­ғай ауылдарға жиі шығуы, тұрғындарды медициналық тексеруден өткізуі өзінің нәтижелерін беруде. Емхана бойынша ауыл­дық­тарды қабылдайтын дәрігер­лер бар, олар кезексіз қабыл­да­нады. Қалаға қарасты Төртүй ауылдық дәрігерлік амбулатория­сы, Тай, Бәйет ауылдарында ста­цио­нарлық дәріханалық пункттер ашылды, қызмет көрсету кестеге сәйкес «Керей-Фарм» серіктес­тігі­нің жылжымалы дәріханалық бө­лім­шесімен жүзеге асуда. Ауыл­дықтар қалаға келмей-ақ қажетті дәрі-дәрмектермен қамтылуда. Төртүй ауылдық аумағына сани­тар­лық автокөлік бөлінді. Қала әкімдігі, облыстық денсаулық сақ­тау басқармасының қолдауымен өткен жылы Атығай ауылындағы медициналық бөлімшенің құры­лысы аяқталса, қазіргі кезде Бәйет ауылында жаңа бөлімшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– «Дөңгелекті емхана» ауыл­дарға барып жүр ме?
– Былтыр Елбасы Жолдауын және «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыстық денсау­лық сақтау басқармасы емханаға «Камаз» автокөлігі негізіндегі жылжымалы диагностикалық ме­дициналық кешенді табыс етті. Кешен Екібастұз, Баянауыл және Ақтоғай аудандарының ауылдық аумақтарын аралайды. Дәрігер­лер­ге арналған «Газель» авто­кө­лігі де берілді. Кешен барлық қа­жетті диагностикалық құрал-жаб­дықтар – УДЗ, рентген, клини­ка­лық-биохимиялық зертханамен жаб­дықталған, сонымен қатар, стоматолог, гинеколог, окулист, терапевт кабинеттері бар.
– Жаңа бағдарламалар ая­сын­да емханада қандай өзгеріс­тер бар?
– Емханадағы педиатрия және терапия бөлімшелерінде екінші медициналық бикелер, әлеуметтік жұмыскерлер бар. Біз кеш баста­сақ та, отбасылық дәрігер принципі бойынша (ЖТД) бөлімшелік қыз­мет жұмысын, 4 жалпы тәжі­рибелік дәрігер бөлімшесін ұйым­дастырдық. Жалпы, өз басым дәрі­гер ретінде алғашқы медициналық көмектің дамуын тек қана осы отбасылық дәрігерлер қызметімен байланыстырамын. Күндізгі емделу орындарында 25 төсек-орын бар. Және «үйден емделу» стацио­нарлық жүйесін ұйымдастырдық, мұнда ауыр науқастар, қарт емделушілер тиісті медициналық кө­мек­ті ала алады. Елімізде бірың­ғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің енгізілуіне байланысты тұрғындарға медициналық көмек көрсету барысында емделуші ал­ғаш рет өз дәрігерін, емханасын таңдауға мүмкіндік алды. Мы­са­лы, шамамен 300-ге жуық адам біздің емханамызға қаланың басқа емханаларынан келіп тіркелді. Со­нымен қатар, дәрігер қабыл­дауы­на тікелей келу және телефон ар­қылы науқастардың жазылу жүйе­сі енгізілді. Тіркеу орны алдын ала жазылу үшін көп арналы телефон байланысымен жабдықталды. Емделушілермен дәрігерлердің қа­былдау кестесінің өзгерісі туралы хабарлау үшін «кері» бай­ланыспен қамтамасыз етілген. Жазылу және емделушілерді қа­был­дау жұмыс кестесіне сәйкес же­дел медициналық жәрдемді қа­жет ететін жағдайларды санама­ған­да 8.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі. Алдын ала жазылу үшін маманның қабылдау уақыты мен күні, науқастың төлқұжат мә­ліметтері көрсетілген журналдар енгізілген. Тіркеу орнының құ­рамында дәрігерлердің қабыл­да­уы, профилактикалық және скринингтік тексерілу, зертханалық тек­серулерді жүргізу сұрақтары бойынша түсіндірулер беріледі. Әрі 70 жастан асқан қарт адам­дар­ға арналған тіркеу орны жұмыс жасайды. Оларды қабылдауға арнайы кабинеттер және екі терапевт дәрігер бөлінді. Аурудың алдын алу мақсатында емханада диабет, гипертония, жүктілер, отбасын жоспарлау, ана мен бала бөлімдері жұмыс жасайды.

Әңгімелескен

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Екібастұз.