Аймақтар • 07 Наурыз, 2019

Амандық Баталов ардагер аналарды мерекемен құттықтады

987 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

8 Наурыз – халықаралық әйелдер мерекесіне орай Алматы облысының әкімі Амандық Баталов  ардагер аналардың үйлеріне барып, арнайы құттықтады.

 

Амандық Баталов ардагер аналарды мерекемен құттықтады

Облыс басшысы алдымен еңбек ардагері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Анна Шевелеваның шаңырағына бас сұқты. 98 жастағы кейуана Талдықорған қаласында тұрады.

- Бұрынғы Андреевка ауылында тудым. Қазақстан - өз Отаным. Біз соғысты да, аштықты да, ауыртпалықты да басымыздан өткіздік. 1955 жылдан бері Талдықорған қаласында тұрамын. Еліміздің, соның ішінде Талдықорғанның бұрынғы және қазіргі кездегі кейпін іштей салыстырамын, күн санап өсіп келе жатқанын күнде жаңалықтардан көріп, газеттерден оқып отырамын. Осы күнді көргеніме бақыттымын. Балаларым өсіп-өнді, елге қызмет ететін жақсы азаматтар болып ержетті, шүкір. Осындай мерекелік шақта құттықтап келгендеріңізге шын жүректен ризамын, - деді Анна әже.

Мұнан кейін Амандық Баталов соғыс ардагері, І дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденінің иегері Алтынай Есболатты құттықтады. Әкім 96 жастағы әженің ізгі ниетіне алғысын білдіріп, мерекелік сыйлығын ұсынды, ауырмай, тың, сергек қалыппен ұзақ жасауына тілектестігін білдірді. Сонымен қатар қала әкімдігіне және тиісті басқармаға соғыс ардагерінің дәрігерге қаралуы кезінде көлік тасымалы жағынан көмектесіп тұруды тапсырды.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы