Жұмыс • 01 Қазан, 2024

Отандастарымыз Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істеуге ниетті

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев Оңтүстік Кореяға жұмыс сапары шеңберінде аталған мемлекеттің Жұмыспен қамту және еңбек министрлігі өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Отандастарымыз Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істеуге ниетті

Фото: gov.kz

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстанды Оңтүстік Кореядағы еңбекке рұқсат беру жүйесіне – Employment Permit System (бұдан әрі – EPS) енгізу мәселелерін талқылады.

«Алматы қаласында Корея Республикасында жұмыс істегісі келетін ҚР-ның азаматтарын кәсіптік және тілдік даярлау бойынша көпсалалы орталық құрылып жатыр», деді Асқарбек Ертаев.

Сондай-ақ ол техникалық мамандықтар бойынша тестілеу, медициналық тексеру, біліктілікті арттыру бойынша оқытуға дайын бірқатар әлеуметтік және өндірістік объектілер анықталғанын хабарлады.

«ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп заңсыз көші-қонның жолын кесуге және заңды еңбек қызметін кеңейту үшін жағдай жасауға бағытталған шараларды күшейту мәселелері пысықталып жатыр», деп толықтырды вице-министр.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Корея Республикасы Жұмыспен қамту және еңбек министрлігінің өкілдері Қазақстанды EPS жүйесіне қосу туралы ниетін тағы да растады, бұл Қазақстан азаматтарына жасалған еңбек шарттары шеңберінде Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Кездесу соңында тараптар екі ел арасындағы еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын атап өтті, бұл – шетелде жұмысқа орналасуға ұмтылатын Қазақстан азаматтары үшін жағдайды жақсартуға, сондай-ақ олардың кәсіби даярлық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35