Аймақтар • 08 Наурыз, 2019

Павлодарда көп балалы 19 анаға «Алтын алқа» мен «Күміс Алқа» табысталды

1027 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс  орталығындағы  Естай атындағы мәдениет сарайында өткен мерекелік кешке жиналған аналарды, әйелдер қауымын облыс әкімі Болат Бақауов құттықтады.

Павлодарда көп балалы 19 анаға «Алтын алқа» мен «Күміс Алқа» табысталды

Сонымен қатар, барлық салада ауыр өнеркәсіпте, денсаулық сақтау мен білім беру саласында, мемлекеттік қызмет және өзге де салаларда еңбек етіп  жүрген әйелдерге Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарын табыстады.

Мысалы, көп балалы аналар  Шарбақты ауданында тұратын Галина Моторная,  Жұлдыз Мұхамеджанова, Ақсу қаласынан Шілдехан Саулетхан, Айнұр Оразалиновалар марапатталды.

Жергілікті Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, өңірде 8625 отбасы тұрады. Оның ішінде 3839-сі 4 және одан да көп бала тәрбиелеуде.

  Жыл басынан бері 1000 отбасына 4,2 миллион теңгеге көмек көрсетілген.

Облыс орталығында 1 435 көпбалалы отбасы тұрады. Балалары  кәмелеттік жасқа толмаған аналар саны – 1229.

Бұдан бөлек, 206 ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгісінің иегерлері тұрады.

Кешті «Анашым» әнін орындайтын Марат Омаров, Бейбіт Күшқалиев және «Меломен» тобы сынды қазақстандық танымал музыканттар өнер көрсетті. әйелдердің ұлттық әшекейлері және павлодарлық суретшілер салған әйелдердің портреттері қойылған көрме ашылды.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар