Жұртшылықпен жүздесу кезінде аз қамтылған азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, табысы төмен отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жетілдіруге, сондай-ақ өңірлік дамудағы жаңа міндеттерге ерекше назар аударылды. Депутаттар алда тұрған ауқымды міндеттерге тоқталып, ел экономикасын өркендету ісінде ауыл еңбеккерлерінің биік межеден көрінетініне сенім білдірді.
Парламент Сенатының депутаттары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиевтің Батыс Қазақстан облысындағы сапары Сырым ауданының Жымпиты, Бұлдырты және Алғабас ауылдарында жалғасты. Ауыл тұрғындармен кездесу барысында сенаторлар Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларын түсіндіріп, Парламент Сенатының заң шығару жұмысы туралы хабардар етті.
Азия Чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов қоржынға күміс жүлде салды
Бокс • Бүгін, 15:05
Махмұд Сабырхан алғашқы алтынды еншіледі
Бокс • Бүгін, 14:53
Оқиға • Бүгін, 14:40
Президент ӨСАБ ұйымының басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:39
Құрылыс – ел экономикасы өсімінің басты драйвері - депутат
Парламент • Бүгін, 13:37
«Жастар» Сарайының 50 жылдығы тойланады
Аңдатпа • Бүгін, 12:46