Аймақтар • 09 Наурыз, 2019

Кореяда өткен Олимпиададан елордалық оқушылар жүлдемен оралды

853 реткөрсетілді

Оқушылар Тэджонда өткен халықаралық олимпиадада жақсы өнер көрсетті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Олимпиадада Астана қаласының әртүрлі мектептерінен 21 оқушы қатысты. Қатысушылар математика, биология, химия, экономика пәндері бойынша жұмыстарын таныстырды.

«Барлық оқушылар өз жұмыстарын ағылшын тілінде таныстырды. Біздің ең талантты балаларымыз осымен бесінші жыл Тэджон қаласында өнер көрсетуде», – деп бөлісті өз ойымен елорданың «Астана Дарыны» ғылыми-практикалық орталығының директоры Майра Құрманбаева.

Қатысушылардың айтуынша, осындай олимпиадалар өз жобаларын өзге елге таныстырып, сонымен қатар шетел тілдерін үйрену үшін жақсы мүмкіндік береді. «Мен біздің еліміздің тарихы туралы жобаны көрсеттім. Осылайша, басқа елдерді біздің тарихымызбен, мәдениетімізбен таныстырамыз», – деді олимпиада қатысушыларының бірі. Олимпиада қорытындысы бойынша  қатысушылар елімізге 3 алтын, 9 күміс және 9 қола медаль алып келді.

Соңғы жаңалықтар

Жақсылық жүрек жылытады

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар