«Егер ет тәттілігін қойса, мен қойды жегенді қояр едім» депті қуғыннан зәрезап болып күрсінген қасқыр. Сол сияқты жалған ақшаға тәбеті тартқан екі сыбайлас 5 жылға жазасын тартты.
Бірақ, олар жалқы емес екен. Он мың теңге мен жүз долларлық банкноттарды басып, оңай олжаға кеңелмек болғандар да алдынғы екеудің кебін құшты.
- Олар 10 мың теңгелік купюраларды қолдан жасап, Қазақстан Республикасының аумағында өткізумен айналысқан. Экономикалық тергеу қызметінің жедел іздестіру қызметімен жүргізілген нәтижелері бойынша құрықталып, қылмыстық істер сотқа жолданды. Бұл азаматтарға байланысты сот шешімі шығып, 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды ,-дейді облыс бойынша МКД экономикалық тергеу қызметінің басқарма басшысы Ардақ Биғалиев.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Egemen Qazaqstan»
Қызылорда облысы