Әлем • 09 Наурыз, 2019

Қазақстандық Әлия Ким шорт-тректен әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

956 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Болгария астанасы Софияда шорт-тректен әлем чемпионаты басталды. Қазақстандық Әлия Ким Йонг жартылай финалға жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық Әлия Ким шорт-тректен әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Әлия 1500 метрде бақ сынаған болатын. Өз тобында ол мәреге үшінші болып келді де, жалпы есептегі уақыт көрсеткіші келесі айналымға өтуге мүмкіндік берді.

Ерлер арасындағы сында Әділ Ғалиахметов пен Нұрберген Жұмағазиев ½ финалға өте алмады.