Бокс • 09 Наурыз, 2019

Боксшылар Хельсинкиде жұдырықтасуда

960 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Финляндияның астанасы ­– Хельсинкиде өтіп жатқан халықаралық турнирді Қазақстанның төрт боксшысы жеңіспен бастады.

 

Боксшылар Хельсинкиде жұдырықтасуда

52 кило салмақтағы Азат Махметов ұлыбританиялық Уилл Коулиді ұтты. 69 кило салмақтағы Талғат Шәйкеннің франциялық Викторьен Монниден мерейі үстем болды. 75 кило салмақтағы Нұрбек Оралбай швециялық Антон Хельстремнен айласын асырды. 91 кило салмақтағы Айбей Оралбай ресейлік Владимир Узуняннан басым түсті.

Үш жерлесіміз бастапқы бәсекелерінде сүрінді. Аса ауыр салмақтағы Дамир Тойбай  австралиялық Джастис Ханиден, 60 кило салмақтағы Бағдат Уайдаев финляндиялық Арслан Хатаевтан және 64 кило салмақтағы Мирасәлі Сарсенов қырғызстандық Бек Камшыбековке есе жіберді.

Ал Ержан Жомарт (49 кило), Жанболат Қыдырбаев (56 кило) және Тимур Ержанов (81 кило) әлі шаршы алаңға шыққан жоқ.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»