Кәсіпорын басшылығы алдағы уақытта ірі нарыққа шығуды мақсат етіп отыр. Әзірге мұнда жұмысшы киімдері ғана тігіледі. Болашақта сыртқы, спорттық және күнделікті киім үлгілерін тігу жоспарда бар. Бұл үшін фабрика арнайы курстарда оқытылған мамандарды конкурстық негізде жұмысқа алып, өндіріс аясын кеңітпек.
Қазіргі таңда Абай тігін фабрикасында 70-ке жуық тігінші жұмыс істейді.
Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы