Аймақтар • 12 Наурыз, 2019

Успен ауданында жергілікті фермерлер мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға белсенді қатысуда

862 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Агроөнеркәсіптік кешен - ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің маңызды бөлігі.

Успен ауданында жергілікті фермерлер мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға белсенді қатысуда

Аудан әкімдігінің мәліметінше, жергілікті фермерлер мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға белсенді қатысуда. Аудандағы «Алдияр» және «Егімбай» шаруа қожалықтары 70 миллион теңгеден астам қаржыға модульдік астық кептіргіштер орнатты. Ал, Лозовое ауылында «Ауыл» шаруа қожалығы 150 басқа арналған сүт-тауар фермасын салды.

Сонымен қатар, алдағы үш жылда ауданда 2 млрд. теңгеге жуық көлемде жалпы инвестициялық салымдармен бірқатар жобаларды іске асыру жоспарлануда. Мысалы, «Галицкое» ЖШС-да 1000 басқа арналған сүт кешенінің құрылысы құрылысы жүргізілуде. Тамшылатып суаруды енгізу жұмыстары жалғасуда, «Галицкое» ЖШС, «Штрек» ШҚ және «БИК» ШҚ іске асыратын 600 гектардан астам алаңда суармалы жерлердің құрылысы жоспарлануда. Сондай-ақ, «Анна» және «Дархан» шаруа қожалықтарында мал бордақылау алаңы, модульдік астық кептіргішті орнатылады. Ауданда үш жыл ішінде 12 ауыл шаруашылық кооперативтері құрылды. Оның ішінде 8 сүт дайындау, 3 мал бордақылау алаңдары,мал азығын дайындау, 1  ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін, қайта өңдеу бойынша қызмет көрсету кооперативі жұмыс жасауда.

Жылдан жылға егіс алқаптары ұлғайып келеді, диқандар жерді өңдеу бойынша жаңа технологияларды қолдануда. Ылғалдандыру технологиясы бойынша егілген егіс алқаптарының 40 пайызын құрады. Ал, егіс алқабының жалпы аумағы 209 мың гектар. Қазір күздік бидай егу жүйесі енгізілуде. Күздік бидай алқабы 240 га құрайды.  Мысалы,  «Галицкое» ЖШС, «Штрек» ШҚ, «Дархан» ШҚ-тары күздік бидай  егу  көлемін  көбейтуда. Биылғы жылға 13,5 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымы дайын. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға барлық деңгейдегі және басқа да көздерден 1,3 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.  Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 400 миллион теңгеге  17 бірлік техника сатып алды. Бұл күндері аудандағы агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру шеңберінде ауданның 178 ауыл шаруашылық құрылымдары белсенді жұмыс жасауда.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы