«Кен өндіру өнеркәсібінің серпіні тұрақты, ал өңдеу өнеркәсібінде оң серпін байқала бастады. Кен өндіру өнеркәсібі бөлінісінде түсті металдар кені, табиғи газ және мұнай өндіру орнықты өсуді көрсетіп отыр. Жеңіл және химия өнеркәсіптері, пластмасса бұйымдарын жасау, сусын, мұнайды қайта өңдеу және машина жасау өңдеу өнеркәсібінің көшбасшылары болды» деді Р. Дәленов.
Сондай-ақ министр ауыл шаруашылығында тұрақты өсу қарқыны байқалатынын атап өтті.
«Өндіріс көлемі 3,6% ұлғайды. Өсім мал шаруашылығындағы өндірістің 3,8% өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Бұл ретте, өсімдік шаруашылығы көлемі өткен жылдың деңгейінде сақталды», деді Ұлттық экономика министрі.
Бұдан әрі ол құрылыс секторындағы өзгерістерді сөз етті.
«Құрылыс секторының серпінінде кері бұрылыс болды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,0% ұлғайды. Бұған автомобиль жолдарын, газ құбырын, тұрғын үйлер мен өнеркәсіп нысандарын салу, сумен қамтамасыз етуді қайта жаңарту, темір жол төсемін жөндеу бойынша жұмыстар көлемінің артуы әсер етті» деді ол.