24 Сәуір, 2012

Монтерейдегі қазақ қызы

256 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Монтерейдегі қазақ қызы

Сейсенбі, 24 сәуір 2012 7:03

Әлемді ядролық қауіпсіздік пен ядролық қарудан тазарту проблемасымен айналысатын мұхиттың ар жағындағы Монтерей халықаралық зерттеулер институтының атағы ғылыми ортаға да, осы мәселені қарастыратын өзге мамандарға да кеңінен мәлім. Ал осы ғылыми орталықта аға ғылыми қызметкер Гауһар Мұхатжанованы кездестіреміз деген ой үш ұйықтасақ түсімізге кірмегені аян. Қаршадай қазақ қызы Монтерей халықаралық зерттеулер институтында ядролық қауіпсіздік мәселесін зерттеумен айналысады екен.

 

Сейсенбі, 24 сәуір 2012 7:03

Әлемді ядролық қауіпсіздік пен ядролық қарудан тазарту проблемасымен айналысатын мұхиттың ар жағындағы Монтерей халықаралық зерттеулер институтының атағы ғылыми ортаға да, осы мәселені қарастыратын өзге мамандарға да кеңінен мәлім. Ал осы ғылыми орталықта аға ғылыми қызметкер Гауһар Мұхатжанованы кездестіреміз деген ой үш ұйықтасақ түсімізге кірмегені аян. Қаршадай қазақ қызы Монтерей халықаралық зерттеулер институтында ядролық қауіпсіздік мәселесін зерттеумен айналысады екен.

– Гауһар, алдымен өзіңді таныстырып өтсең.

– Алматыда туып-өстім. 1997 жылы мектеп бітірген соң, Сорос бағдарламасымен Болгарияда оқыдым. Оқуымды аяқтаған соң Алматыға келіп, 3-4 жыл БҰҰ-ның еліміздегі офисінде қызмет еттім, одан Монтерей институтына магистратураға түстім. Оқып жүріп-ақ ядролық қару таратпау проблемасымен айналыстым. Бітірген соң осында жұмысқа қалуға ұсыныс жасалды. Қазақстан азаматымын.

Қазіргі күні ядролық қаруды таратпаудағы халықаралық ұй­ым­дардың рөлін зерттеумен шұ­ғыл­данамын. Қазақстан тәуел­сіз­дік алғанда орасан зор ядро­лық әлеуеттен өз еркімен бас тартқан жалғыз ел болған­дық­тан, біздің орталықта Қазақ елі­не деген үлкен ықылас барлы­ғын айта кетсем деймін. Оның үстіне Семей полигонын жауып, әрі соңғы кездері осы тақы­рыпқа қатысты көптеген игі бас­тамалармен шығуы да біздің елге деген қызығушылықты арттыра түсті. Сондықтан, біздің институт үшін Қазақстанмен байланыс маңызды.

– Қазір әлемді шартты түр­де ядролық қаруы бар мемлекеттер және ядролық қаруы жоқ мемлекеттер деп бөлсек кәдімгідей екі топ шығады. Осындай жағдайда ядролық қаруды жою, оны таратпау мәселесі тек біржақты қара­ла­тындай. Қаруы барлар одан айырылғылары келмейді, ал ядролық зерттеулермен айналыса қалған ел болса, жоға­ры­дағы ядролық державалар тарапынан оған деген неше түрлі кедергілер қойылаты­нын кө­­­­ріп жүрміз. Және біздің елі­­міз­дің тарапынан көтеріліп жүр­­ген ядролық зерттеулерді игі­лікке, бейбіт мақсаттарға жарату сынды идеялар қанша­лық­ты қолдау табуда?

– Шынында, бұл – өте үлкен проблема. Оны тек осы мәсе­л­е­мен айналысушы ғалымдар, сарапшылар ғана емес, дипломаттар да жиі көтеріп жүр. Ядро­лық қаруды жою, таратпау мә­селесін көтеру әлемде белді бір державалардың оған ие болып, бас тарту жайын ойламай отыр­ған күнінде әшейін құр бос әңгіме көрінуі мүмкін. Алайда, біріншіден, ядролық қаруы бар елдердің халықаралық қоғам­дас­тық алдында мойынына ал­ған міндеті сол қаруды пайдаланбау болса, қаруы жоқтар оны жасамауды міндеттеніп отыр. Екіншіден, ядролық қаруы бар державалар бір-бірімен сол қа­рулардан тазару жөнінде келіс­сөздер жүргізуі тиіс және олар ядролық қарусыз елдерге атомды бейбіт мақсатқа қолдану тұр­ғысында көмек беруге міндет­тенеді. «Қырғи-қабақ соғыс» кезінде осындай шарттық мін­деттемелердің болашағына қат­ты күмән туды. Себебі, АҚШ пен Кеңестер Одағы бір-бірімен жарысып, жанталаса қаруланып жатты. Әлемде үміт оты өлім­сіреген тұста, бір елдің ядролық қарудан бас тартуы сөнейін деп тұрған шоқты қайта жандырды. Міне, осыдан кейін барып, 1995 жылы Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шарт әрі қарай ұзар­тылды және ол ешқандай мер­зімге байланған жоқ. Дүние жү­зіндегі барлық мемлекеттер ха­лықаралық қауіпсіздікті сақтау­да ешқандай келісімсіз тіршілік еткеннен гөрі, қандай да болсын міндеттер жүктейтін, өмірдегі бар шарттық құжаттың ғұмы­рын ұзартуымыз қажет деп ұйғарды. Және бұл бүгінгі күнге дейін жалғыз шарт болып отыр. Осының негізінде АҚШ пен Ресей арасында Стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту туралы шарт жасалды. Дегенмен, әлем ядролық қару қаупінен арыла алмай отырғаны рас.

Ал сұрағыңыздағы екінші мәселе – атомды бейбіт мақсатта пайдалану тұрғысында біздің институт ядролық материалды сақтаумен, яғни ядролық банк аясындағы зерттеулермен айналысуда. Мәселен, өзінде уранды байытатын зауыты жоқ елдің атом стансасы бар, алайда, ол қажетті отынды уранды байытатын елден ала алмайтындай жағ­дайда (ол коммерциялық емес немесе уранды өзге мақсатқа қолданады деген қауіп болмаса да әшейіндегі әріптесінен яд­ро­лық отынды ала алмаған күнде) жоғарыдағы ел МАГАТЭ арқы­лы қажет отынды ядролық банк­тен сатып алады. Жалпы, уран медицинада, ауыл шаруа­шы­лы­ғы және т.с.с. көптеген салаларда қолданылатындықтан, әлемде ядролық банк жасаудың қа­жет­тілігі бар. Ядролық банк деге­ні­міздің өзі төменгі деңгейде байытылған уранды сақтау болып табылады. Ал оның ра­дио­активтілігі жоғары байытылға­ны­нан төмен, сондықтан да оның қауіптілігі аздау келеді.

– Жалпы әлемде уранды пайдалануды қадағалаудың қа­жет екені түсінікті. Алайда, бір кезде Иракта ядролық қа­­­ру түрлері жасалып жатыр деп АҚШ пен НАТО әскерінің басып кіргенін, онан соң артынан ол қарудың жоқ болып шыққанын бәріміз білеміз. Осындай желеуді жамылудың қаншалықты қасіреті бар­лы­ғын көріп отырмыз ғой.

– Иә, бұл – өте өзекті мәселе. Оның бұқаралық ақпарат құ­ралдарында да, сарапшылар мен саясаткерлердің, дипломат­тар­дың, жалпы жұртшылықтың назарында тұрғанына және бел­сенді түрде талқыланатын мә­селеге айналғанына дау жоқ. Дәл осының қазіргі күні ядро­лық қауіпті сейілтуге кері әсерін тигізіп тұрғаны да жасырын емес. Өйткені, әлем жұртшы­лы­ғы ядролық қарулану тұрғы­сын­да сарапшылар берген дәйек­терге сенбейтін жағдайға жетті. Сонымен қатар, егер белгілі бір елде ядролық қару жасалды деген күннің өзінде оған берілетін соққы да қандай болуы тиіс деген мәселе көп талқыланып жүр.

Ендігі бір жиі бас қатыратын жәйт – АЭС-терде пайдаланыл­ған ядролық отын қалдығы турасында. Алдымен ол ұзақ уа­қыт не суда, немесе құрғақ жерде салқындауы тиіс. Одан кейін оны жерге көме ме, әлде қайта өңдеуге жібере ме? Алғашында оны қайтадан өңдеу тиімді деген ұстаным болатын. Өйткені, қал­дықты қайта өңдегеннен плутоний алынады. Алайда, плуто­ний­ді бейбіт мақсатқа жұмсау мүмкіндігі өте тар, ол – не­гі­зінен ядролық қаруға қажетті радиоактивті материал.

– Бұл жерде оның лаң­кес­тердің қолына түсуі мүмкін де­ген де проблема алдан шы­ғады ғой.

– Иә, бұл – плутонийге және жоғары байытылған уранға қа­тысты мәселе. Мысалы, әлем­де­гі ғалымдардың зерттеу жүргі­зетін реакторлары осы жоғары байытылған отынмен жұмыс жасайды. Ал осындай ғылыми-зерттеу орталықтарындағы ядр­о­­лық отын қалдықтарының теріс пиғылды жандардың қолына түспейтініне кім кепілдік бере алады. Сол себептен де 2001 жылғы 11 қырқүйектегі оқиға­дан кейін әлем осындай орта­лықтардағы қалдықтардың қау­іпсіздікке тигізетін әсері бар­лы­ғымен мықтап ойлану үстінде.

Біздің еліміз үшін де пайда­ла­нылған отынды қалай жою мә­се­лесі маңызды. Себебі, кеңес за­ма­нында салынған Ақтаудағы атом реакторында пайдала­ныл­ған көп ядролық отынның қал­ғаны­ бел­гілі. Радиоактивті отын­ның әр мыс­қалын қада­ға­лап отыру жұ­мыр жердің қау­іпсіздігі үшін маңызды болып қала бермек. Дегенмен, жалпы адамзат өрке­ние­тін ілгерілетуде атомды бейбіт мақсатқа пайдалану ма­ңыз­ды­лы­ғын жоймайды деп ойлаймын.

– Әңгімеңізге рахмет.

 Әңгімелескен Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.