Қазақстан • 12 Наурыз, 2019

Конкурс жыл сайын ұйымдастырылады

810 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылдың қортындысы бойынша облыстық «Үлгілі ауыл» байқауының нәтижесі белгілі болды.

Конкурс жыл сайын ұйымдастырылады

«Туған жер» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Үлгілі ауыл» байқауына аймақтың 13 елдімекені қатысқан. Байқау жеңімпазын анықтау кезінде ауылдың тазалығы, көгалдандырылуы, қажетті әлеуметтік нысандармен қамтылуы, тұрғындарының әл-ауқаты ескерілді.

«Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жүзеге асыру және елдімекендердің өмір сүру жағдайы мен сапалы инфрақұрылымын қамтамасыз ету мақсатындағы байқау жеңімпаздарын марапаттаймыз. Байқау шартына сәйкес жеңімпаз атанған ауылдар сыйақының 80 пайызын көгалдандыру, абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту жұмыстарына жұмсауы тиіс. Қалған 20 пайызын әлеуметтік нысандардың қажеттілігіне бағыттауды тапсырамын», - деді облыс әкімі Қ. Көшербаев.

Елді мекендер арасында ең үздіктеріне облыс әкімі 10 млн теңгеден сыйақы сертификатын тапсырды. Ал, аудан, қалалар арасындағы үздіктер Қызылорда қаласы және Жаңақорған және Шиелі аудан болып танылды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы