17 Шілде, 2012

Шар Айна

280 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Шар Айна

Сейсенбі, 17 шілде 2012 7:30

Ұрыс Дамаск көшелеріне көшті

Сирия үкіметі бронетехникалардың бірнеше коллонасын Дамаскініңоңтүстік аудандарына жібердіӨткен түннен бері сол тұста үкіметтіккүштер мен бүлікшілер арасында кескілескен ұрыс жүріп жатыр.

Оппозициядағылар орналасқан үй орамдары минометтен атқылауда. Қаланың оңтүстігіне қарай апаратын жолдар жабылған. Оқиғаның көптеген куәгерлері бүкіл қала бойынша атыс естіліп тұрғанын айтады. Өртеніп жатқан ғимараттар да жоқ еместей. Кешегі күні 16 адам оққа ұшты деген ақпар тарады. Ал бүлік басталғалы 17 мыңнан астам адам көз жұмды.

 

Сейсенбі, 17 шілде 2012 7:30

Ұрыс Дамаск көшелеріне көшті

Сирия үкіметі бронетехникалардың бірнеше коллонасын Дамаскініңоңтүстік аудандарына жібердіӨткен түннен бері сол тұста үкіметтіккүштер мен бүлікшілер арасында кескілескен ұрыс жүріп жатыр.

Оппозициядағылар орналасқан үй орамдары минометтен атқылауда. Қаланың оңтүстігіне қарай апаратын жолдар жабылған. Оқиғаның көптеген куәгерлері бүкіл қала бойынша атыс естіліп тұрғанын айтады. Өртеніп жатқан ғимараттар да жоқ еместей. Кешегі күні 16 адам оққа ұшты деген ақпар тарады. Ал бүлік басталғалы 17 мыңнан астам адам көз жұмды.

Қытайдың әскери шығыны 170 млрд.$

Қытайдың әскери шығыны соңғы бір  жылда 11,5 пайызға өсіп, 104,62 млрд.долларды құрады. Таяудағы бес жылда Қытайдың әскери бюджетінің өсу қарқыны сақталады деп күтіліп отыр. 2017 жылға қарай Аспанасты елінің әскери бюджеті 174,9 млрд. долларға жетпек.

Қазіргі кезде Қытайдың әскери шығыны Азия-Тынық мұхиты өңірінде аса ірісі болып табылады. Тұтастай алғанда, таяудағы бес жылда Қытай 722,4 млрд. долларға жаңа қару-жарақ сатып алады немесе ескісін жаңғыртады. Әскери шығын өсуінің негізгі себептері АҚШ – Қытай және Тайвань-Қытай қарым-қатынасындағы күрделіліктер делінуде.

Хиллари Клинтон қызанақпен атқыланды

Мысырда демонстранттар АҚШ-тың мемлекет­тік хатшысы Хиллари Клинтонның кортежін қызанақтармен және бәтеңкелермен атқылады. Ол өткен сенбі күні аталған елге сапармен келген болатын. Ал оқиға жексенбі күні мемлекеттік хатшы жиналғандар алдында демократиялық құқықтар туралы лекция оқыған кезде орын алды.

Бронды автомобильдерге аяқ киімдер мен су құйылған бөтелкелер лақтырылды. Клинтонның өзі мен мәшинесі зардап шекпегенімен, дәл көздеп лақтырылған қызанақ мысырлық шенеуніктің бетін аймандай қылды. Бұл – Х.Клинтонның Египетке Мохаммед Мурси ел президенті болып сайланғаннан  кейінгі алғашқы сапары.

Ұстатпайтын қылмыскер табылды

Симон Визенталь орталығы деп аталатын америкалық құқық қорғаушы ұйымы ең ізделіп жүрген ұлтшыл қылмыскерлердің тізімінде бірінші тұрған Ласло Чатаридің Венгрияда жасырынып жүргеніне жаңа айғақ дәйектер алды.

Дәйектемелер өткен жексенбі күні жария етілді. Сөйтіп, ол Венгрияның бас прокуратурасына жолданды. Енді бас прокуратурадағылар істі мұқият тексеретінін қуаттады. Симон Визенталь орталығы Венгрия басшылығын Ласло Чатариді сотқа  беруге шақырып отыр. Өйткені, ұлтшылдың кінәсін айғақтайтын деректер молынан жеткілікті көрінеді.

Африка одағын әйел басқарады

Оңтүстік Африка Республика­сы­ның ішкі істер министрі Нкосазана Дламини-Зума Африка одағы ко­мис­сиясының төрайымдығына сайланды. Сөйтіп, ол 54 мемлекет мү­шесі болып табылатын Африка одағының әкімшілік-атқарушы органын басқара­тын алғашқы әйел болды.

ОАР президентінің бұрынғы зайыбы Нкосазана Дламини-Зуманың қарсыласы аталған комиссияның 2008 жылдан бергі іс басындағы төрағасы габондық Жан Пинг болған. Екі үміткердің арасында  қатты тартыс орын алған. Нкосазана Дламини-Зуманың дауыстың тең жартысынан астамын алуы дауыс берулердің 4-ші раундынан кейін ғана мүмкін болған.

Тараптарды Теһранға келіссөзге шақырды

Иран басшылығы Сирия билігі мен оппозиция өкілдерін шақырып, өзінің аумағында келіссөз ұйым­дас­тыруды ұсынды. Иран сыртқы істер министрі Али Акбар Салехи атап өткеніндей, оның елі Сириядағы жағдайды бейбіт реттеу жоспарын қолдайды. Бұл жоспарды БҰҰ-ның арнайы өкілі Кофи Аннан ұсынған болатын.

Бірқатар батыс елдері, бірінші кезекте АҚШ, Иранның Сирияға байланысты келіссөздерге қатысуын қаламайды. Мәселен, Иран делегациясы өткен айдың соңында Женевада ұйымдастырылған Сирия жөніндегі халықаралық кон­фе­ренцияға қатыстырылған жоқ. Ресей өз кезегінде бұл іске Иранды тарту керек екенін талай мәрте мәлімдеп келеді.

 Қысқа қайырып айтқанда:

ö Осыдан бірнеше күн бұрын кері шақырып алынған Жапония­ның Қытайдағы  елшісі Уитиро Иива кеше Пекинге қайтып оралды. Жапония БАҚ-тарының деректеріне қарағанда, кері шақырып алуға Шығыс-Қытай теңізіндегі талас тудырып отырған аралдар төңірегіндегі кикілжің себеп болған.

ö Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлус­конидің «Бостандық халқы» партиясы жақын уа­қыттарда атын өзгертіп, саясаткердің алғашқы партиясының атымен «Алға, Италия!» деп аталатын болады. Бұл жөнінде Берлускони немістің Bild газетіне сұхбатында айтқан.

ö Үндістан өзінің алғашқы ұшақ тасушы кемесінің құры­лысын жоспарда­ғыдан үш жыл кейін аяқтайтын болып отыр. Сөйтіп, «Викрант» деп аталатын ұшақ тасушы кеме 2017 жылдан ерте дайын болмайды. Ол 2009 жылдың ақпанында салына бастаған еді. Құны – 12,6 млрд. рупий (592 млн. доллар).

ö Израиль түрмесіндегі палестиналықтарға соңғы бес жылда алғаш рет туған-туысқандары жіберілетін болды. Осылайша Израиль тұтқындағылардың аштық жариялауларына себеп болған шарттардың біреуін орындады. Кеше ертеңгісін 40 палестиналықтың 24-і отбасы мүшелерімен қауышып, бір жасап қалды.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.