27 Шілде, 2012

Достықта сауда жүрмегенмен, есеп жүреді

352 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Достықта сауда жүрмегенмен, есеп жүреді

Жұма, 27 шілде 2012 7:28

Осыдан екі апта бұрын ақпарат құралдары Ресей әскери базаларын Тәжікстанның өз аумағында сақтап қалуы үшін қомақты қаржы талап еткенін шулап-ақ хабарлаған. Енді бұл елдің ешқандай қаржы сұрамауға көнгенін, тіпті оған мәжбүр болғанын айтып жатыр.

Бұл қалай? Хабарда шындық бар. Тәжікстаның өз жеріндегі Ресей­­­дің 7 мың адамы бар 201-ші дивизиясы үшін 250 миллион доллар жалға беру ақысын төлейсің деген талабы әлемге есітілген. Естілетін жөні де бар. Әңгіме Ресейдей державаның Орта Азия еліне, күні ертең НАТО-ның әскери күштері әкетілетін атышулы Ауғанстанға ең жақын орналасқан Тәжікстанға ықпалы жайында.

Жұма, 27 шілде 2012 7:28

Осыдан екі апта бұрын ақпарат құралдары Ресей әскери базаларын Тәжікстанның өз аумағында сақтап қалуы үшін қомақты қаржы талап еткенін шулап-ақ хабарлаған. Енді бұл елдің ешқандай қаржы сұрамауға көнгенін, тіпті оған мәжбүр болғанын айтып жатыр.

Бұл қалай? Хабарда шындық бар. Тәжікстаның өз жеріндегі Ресей­­­дің 7 мың адамы бар 201-ші дивизиясы үшін 250 миллион доллар жалға беру ақысын төлейсің деген талабы әлемге есітілген. Естілетін жөні де бар. Әңгіме Ресейдей державаның Орта Азия еліне, күні ертең НАТО-ның әскери күштері әкетілетін атышулы Ауғанстанға ең жақын орналасқан Тәжікстанға ықпалы жайында. Ресейдің әскері қалмаса, оның ықпалы әлсірейді. Ең бастысы – бір одаққа біріккен (ҰҚШҰ) мемлекеттердің дауға барып жатқаны жөнсіз-ақ.

Ресей жағы әскери базаны осында сақтауды одан әрі ұзартуға байланысты ұсынған шарт жобасын тәжік жағы саяси тұрғыда әдепке сыймайды деп сипаттап, өз тарапынан 20-дан аса талап қой­ған. Оның көпшілігін Ресей қорға­ныс мекемесі түсініксіздеу және ор­ындауға мүлде келмейді деп есептеді. Ресей әскерінің Бас штабы: «Әңгіме тек РФ мүддесі туралы ғана емес, ҰҚШҰ елдерінің ор­тақ қауіпсіздігі жайында, Ресей әс­керінің Орта Азияда болуы соған қызмет етеді» – деп мәлімдеген.
Жұрт бұл өзі әжептәуір саяси дауға ұласар, келісім жолы қиын болар, халықаралық сарапшылар­дың талдауларына, болжамдарына арқау болар деп ойлаған. Олай бол­мады. Тез шешілді. Тәжікстан өз жерінде Ресейдің 201-ші див­и­зия­сының 2014 жылдан кейін де тегін орналасуына келісімін берді, деген ресми хабар жарияланды. «Мәскеу мен Душанбе арасындағы базаның 49 жылға дейін осында орналасуын бекіткен келісім жобасын тәжік жағы толығымен қабыл­дауға болады деп есептейді», деді Ресейдің Құрғақтағы әскерінің бас қолбасшысы генерал-полковник Владимир Чиркин.
Мұндай жылдам өзгерістің сыры неде? Тереңірек, аймақтағы жағ­­дайға зер сала ойлаған адамға оның сырын ұғу оншалықты қиын емес. Ең алдымен, Ресейдей дер­жа­ваның әскери күшін тәжік жа­ғының өз мүддесіне, елдің қорға­ныс мүдде­сі­не пайдалануы айрық­ша маңызды. Ауғанстанмен көрші­лік өз алдына, соңғы кезде мінез көрсете бастаған Өзбекстанның алакөздігіне Тәжік­станның жеке өзінің қарсы тұруы қиын. Басқа жұрт қорғанысқа қа­жет әскерге қырғын қаржы жұмса­са, Ресей әскері тегін. Оны тағдыр­дың сыйы десе де болар.
Бұл – біріншіден. Екіншіден, қазіргі уақытта тәжік қауымының ауқымды бөлігі еңбек миграциясымен Ресейде жүр. Оларды Мәскеу кейін қайтарар болса, мұны Тәжік­стан үшін экономикалық апат деуге болар еді. Оларға Душанбе жұ­мыс тауып бере алмасы өз алдына, сол гастарбайтерлердің жіберген ақшасы ел экономикасының үлкен тірегі болып отыр. Одан айырылса, экономикасы жығылады.
Сөйтіп, Мәскеу мен Душан­бе­нің кетіспегені екі жаққа да керек. Душанбе орыс әскерін қуса, Мәс­кеу екі қолына бір күрек іздеген тәжік мигранттарын қуады. Екі жақ оған бармауға келісті. Сауда ма? Сауда. «Достықта сауда жүр­мей­ді» деген бар. Бірақ бүгінгі күнгі достықтың сиқы осындай. «Сен – маған, мен – саған» қағи­да­ты үстемдік етеді. Сөйтсе де, «Ес­еп­ті дос айнымас» деген және бар.
Мұндай тіл табысудың қажет­ті­гін Тәжікстандағы қазіргі жағдай толық дәлелдеді. Елдің Таулы Бадахшан ауданындағы МҰҚК-нің генералы Абдулло Назаровтың өлті­рілуі, соған байланысты ұйым­дас­қан бандалық құрылымдарды жою операциясы біраз жұрттың көзін ашқандай. Өзіңдікі болма­ғанмен, елде сыртта келген жауға қарсы тұратындай күштің болғаны жақсы.

Мамадияр ЖАҚЫП, «Егемен Қазақстан».