03 Тамыз, 2012

Ағайынды шеттетсең, сыртқа кетеді

284 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ағайынды шеттетсең, сыртқа кетеді

Жұма, 3 тамыз 2012 7:22

Дүбірге толы дүние

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі орынбасары Роберт Блейк Өзбекстанды Ауғанстанды қалпына келтіруге байланысты маңызды серіктесіміз деп сипаттады.

Бұл сипаттама жай айтыла сал­ған сөз емес, салмағы бар анық­тама болса, Өзбекстанға құрметпен қарағың келеді. Әңгі­ме Ауғанстан­ды қалпына келтіру жайында болып отыр.

Жұма, 3 тамыз 2012 7:22

Дүбірге толы дүние

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі орынбасары Роберт Блейк Өзбекстанды Ауғанстанды қалпына келтіруге байланысты маңызды серіктесіміз деп сипаттады.

Бұл сипаттама жай айтыла сал­ған сөз емес, салмағы бар анық­тама болса, Өзбекстанға құрметпен қарағың келеді. Әңгі­ме Ауғанстан­ды қалпына келтіру жайында болып отыр. Бүкіл НАТО одағының мақсаты да сол елді басып алу, ойрандау емес, оны бүлдіруші күш­тен тазартуға жағдай жасау екені белгілі. Сол мақсатқа қолдау көр­се­ту пара­саттылыққа саятын қа­дам. Өз­бек­станның сондай қада­мын айыптау қиын.

Бұл елге Ұжымдық қауіп­сіздік шарты ұйымынан (ҰҚШҰ) кеттің деп өкпе айтамыз, бірақ күні ертең НАТО күштері Ауған­станнан кеткеннен кейін сол тынышсыз елмен бетпе-бет қалатын Өзбекстанның АҚШ-пен, НАТО-мен бірігіп, біраз шаруа тындырғысы келетінін түсі­нуге де болады. Ал біздің көбі­міз­дің түсінгіміз келмейді. Сол ҰҚШҰ-мен қатар Ташкент НАТО күшін де пайдаланса, ол артық па еді?
Енді екі жылдан кейін НАТО күштері Ауғанстаннан толық әке­тіледі. Бүкіл әлем жабылып жеңе алмай жатқан тәліптердің содан кейін арқасы кеңиді. Жақын елдің бірі – Өзбекстан. Өз елін тындырып болған соң, тәліптер бүлдіру әрекетін солай қарай жылжытқысы келетіні анық. Қам отырмай, Таш­кенттің әрекетке көшуі де заңды. АҚШ-тай алып ел, НАТО-дай қуатты одақ өзінің көмегін ұсынып отырғанда, одан бас тарту әбестік көрінер еді.
Көмек болғанда, өткен жылы АҚШ Өзбекстанға, Тәжікстанға, Қырғызстанға, тіпті Қазақстанға да шекараны күшейту, есірткіге, лаң­кес­тікке қарсы күрес, жалпы қа­рулы күшін нығайту мақсатын­да 170 миллион доллар қаржы бөлді. Оны 2014 жылға дейін жалғас­тыр­мақ. Берген соң, алған жөн. Оны америкалықтардың тактикасы десе, солай қабылдауға да болар. Бұл бі­реулерге ұнамайды екен деп, одан бас тарту жөн болмас еді. Таш­кент­тің алдынан тағы бір мүмкіндік ашылып отыр. Ертеңгі күні НАТО күштері, техникасы Ауғанстаннан әкетіледі. Сол тех­ни­каның, қару-жарақтың біршамасын осында қал­дыруы ықтимал. Оны қайтадан сонау алысқа, біраз елдің үстімен тасымалдау біраз қаржыны талап етеді. Сонда оны осында арзандау бағаға сатып кетуі әбден мүмкін. Тіпті алдағы уақытта қа­рым-қа­ты­насты жақсарту мақса­тын­да тегін беріп кету мүмкіндігі де бар. Бұл сәтті өзбектер қапы жібермеуге тырысады. Және ол жөн де.
Сөз басында АҚШ мемхат­шы­сының орынбасары Роберт Блэйк­тің Ташкентті маңызды әріптес деп атағанын айттық. Енді осы айда сол әріптестікке АҚШ-тан беделді делегация келіп, екі жақты пікір алысуы болмақ. Сонда біраз түсі­ністік­ке қол жетер. Ортақ шешімге тоқ­там жасалар. Бұл ағайыннан бірша­ма алыстап қалған өзбектерге де, осы маңнан жақын іздеген аме­ри­ка­лықтарға да қажет, мүдде­лері­не сай.
Бұдан ұтылатын Мәскеу болады. АҚШ-тың бұл аймаққа ықпалы артады. Оның саяси ғана емес-ау, экономикалық та астары бар. Ташкент бұрын қаруды Ресейден сатып алса, енді оның қажетін АҚШ, НАТО өтейді. Ағайынды сыртқа теп­кен­нің салдары соған апарады.

Мамадияр ЖАҚЫП, «Егемен Қазақстан».