03 Тамыз, 2012

Мықтыға бағынбауға болмайды

290 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мықтыға бағынбауға болмайды

Жұма, 3 тамыз 2012 7:23

Дүбірге толы дүние

Міне, жарты айдан бері Корея Халық Демократиялық Республикасының Бас штабы бастығы Ли Ен Хоның орнынан алынғаны жөніндегі әңгіме бәсеңдемей келген. Енді тоқтайтын болар. Жұрт енді оның себебін біліп отыр. Вице-маршал елдің жас көсемімен тіл табыспаған екен.

 

Жұма, 3 тамыз 2012 7:23

Дүбірге толы дүние

Міне, жарты айдан бері Корея Халық Демократиялық Республикасының Бас штабы бастығы Ли Ен Хоның орнынан алынғаны жөніндегі әңгіме бәсеңдемей келген. Енді тоқтайтын болар. Жұрт енді оның себебін біліп отыр. Вице-маршал елдің жас көсемімен тіл табыспаған екен.

Бұл елде бәрі жұмбақ. Әдетте өзгерістің бір себебі айтылады, кейін басқа болып шығады. Ли Ен Хоның орнынан алынуы, алдымен оның денсаулығына байланысты делінді, бірақ жұрт оған сенген жоқ. Содан кейін түрлі-түрлі болжам айтылды. КХДР-дың жас кө­се­мі маршал (бұл атақты биылғы шілдеде алған) Ким Чен Ын өз айналасын ескі кадрлардан тазарт­пақ­шы екен, әскерилер арасындағы өз беделін көтермекші екен делін­ді. Жалпы елде билік үшін күрес­тің жаңа бір толқыны пайда болғаны анықтай көрінген.
Бір ерекшелік – бұл елде дү­ниенің тұтқасы әскерилердің қо­лын­да. Тіпті экономикаға басшы­лық­ты да әскерилер жүзеге асырады. Ел экономикасының күйзе­лісті жағдайының бір себебі сонда екені белгілі. Бәрі де әскери мүддеге бағындырылады. Содан да беделі шарықтап-ақ тұрған Ли Ен Хоның биліктен шектетілуі мүлде күтпе­ген оқиға еді.
Жұрт пікірі бір жерден шығып отырғандай. Расында да Ли Ен Хоның кетуі ел басшысы Ким Чен Ынмен тіл табыспауынан екен. Жас көсем ел жағдайын ескерген бо­лар, экономикалық реформа жа­сауға бет бұрғанда, Бас штаб бас­тығының қар­­сылығына ұшы­райды. Оған басты себеп, эконо­ми­каға реформа жасау үшін оны әскери­лер­ден ажыратуға тура ке­леді. Ал оған Ли Ен Хо көнбе­генге ұқсайды. Күш­ті көнді­ру­ге тиіс, әйтпесе күшті болмайды. Тіпті бұрынғы Бас штаб басты­ғы­ның ықпалын­да­ғылар қарулы қар­сылық көрсетпек болған деген де сөз бар. Әңгіменің түйіні оның билік тобынан кет­ке­нінде ғана. Енді барлық билік, ең алдымен әскери күштер Ким Чен Ынның қолында. Соның айтқаны болады. Бұл жерде жұртты қызық­ты­ратыны – эконо­ми­калық реформа. Онсыз елдің бұдан әрі өмір сүруі дүдәмал. Сарап­шы­лардың айтуынша, мұндай реформа жүр­гі­зуді Корей көсеміне қытайлар айтып отырған көрінеді. Өйткені, әб­ден шектен шыққан Корей халқы көрші елге лап беруі мүмкін. Қан­ша қуат­ты дегенмен, оны ҚХР жағ­дайы көтермейді. Шын солай болып, КХДР-де экономикалық рефор­ма жү­зеге асар болса, ол елдегі жағ­дайға үлкен өзгеріс әкелері анық.
Ли Ен Хоның кетуінен кейін биліктегі күштердің жаңаша ірік­телері заңды. Ким Чен Ынның маңайы күшейді. Ал сол күшей­ген топ елдің мүддесін ойлап, қажетті реформаларды жүзеге асырар болса, оның игілігін халық көрер еді, деген үміт те қылаң береді.
КХДР – әлем назарындағы ел. Қанша жасырын жасал­ған­мен, ондағы өзгеріс мәлім болып жатады. Осы елдегі жағдай түзелсе, көршілеріне де тыныш. Жұрт соны тілейді. Тіпті елдің жас көсемінің қасынан бір сұлу­дың көрінуін де әлемдік ақпарат құралдары жапырлай жариялап, ақырында оның ел басшысының жары екенін білген соң, жақсы­лыққа жорыған. Жалпы жұрт бұл елден жақсылық күтеді.

Мамадияр ЖАҚЫП, «Егемен Қазақстан».