11 Қазан, 2012

«Балалық шағымның аспаны» фильмінің тұсаукесері

495 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Балалық шағымның аспаны» фильмінің тұсаукесері

Бейсенбі, 11 қазан 2012 7:17

Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің тапсырысымен түрік тілінде дубляж жа­сал­ған Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаевтың балалық және жастық шағын баяндайтын «Балалық шағымның аспаны» фильмінің тұсаукесері Ыстамбұлда ұйымдастырылды.
Іс-шараға Түркия Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Кемал Генч, Ыс­там­бұл қаласының басшылары, түрік ғылы­ми-академиялық, қоғамдық және бизнес топ­тарының, Түркиядағы қазақ диаспорасының, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Эйюп ауданының мэрі Исмаил Кавунжу Қазақстан-Түркия қатынастары 20 жылдық кезең ішінде стратегиялық әріптестік рухында даму үстінде екеніне тоқталды. И.Кавунжу «Қа­зақ­стан Президенті Н.Назарбаевтың көреген саясатының арқасында бауырлас Қазақстан тұрақты саясаты мен дамыған экономикасы бар елге айналды», деп атап көрсетті.
Өз сөзінде Түркияның Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Кемал Генч Қазақстан мен Түркия арасындағы мә­дени байланыстардың даму деңгейін жоғары бағалап, түркі әлемінің лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық және жастық шағын баяндайтын фильмнің түрік тілінде дубляж арқылы көрсетілуі түрік көрермендерінің көңілінен шығарына сенім білдірді.
Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев Қазақстан-Түркия қаты­нас­­тары 20 жылдық кезең ішінде стра­те­гия­лық әріптестік рухында даму үстінде екеніне тоқ­талды және мәдени-гумани­тар­лық саладағы қатынастардың екі бауырлас халық арасын­да­ғы байланысты нығай­ту­да­ғы зор үлесін атап өтті. «Балалық шағым­ның аспаны» фильмі түрік жұртшылығына балалық шағы сұрапыл соғыс кезімен тұс­па-тұс келген Қа­зақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевтың өмірімен жақыннан таныс болуға мүмкіндік беретінін, сондай-ақ елшілік тапсырысымен түрік тіліне аударылған «Қыз Жібек», «Та­қия­лы періш­те», «Көшпенділер» және «Бәй­те­рек» фильмдерінің де түрік көрермен­дерін де әсер қалдыратынына сенім білдірді.
Рәсім шеңберінде қазақтың салт-дәстү­ріне сәйкес безендірілген киіз үй құрылып, Қазақстан-Түркия қатынастарының 20 жыл ішіндегі негізгі кезеңдері туралы суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
Тұтасымен алғанда, түрік жұртшылығы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың балалық және жастық шағын баяндайтын «Балалық шағымның аспаны» фильмін өте жылы қабылдады.
«Егемен-ақпарат».