Дер кезінде қабылданған шаралар шегірткелердің таралу аймағын өткен жылғы 1,9 млн. гектардан ағымдағы жылы болжанып отырған 950,4 мың гектарға дейін екі есеге азайтуға мүмкіндік берді: ФАО-ның ғылыми ұсынымдарын ескере отырып, өңдеудің жаңа әдістері қолданылады.
«Жалпы, аса қауіпті организмдермен залалданған алаң 2016 жылғы 5,1 млн. гектардан 2019 жылы 3,9 млн. гектарға дейін төмендеді, карантиндік арамшөп саналатын тікенекті алқаның таралу ошақтары толығымен жойылды, америкалық ақ көбелек, Комсток сымыры, калифорниялық қалқаншалы сымыр және шығыс жеміс жемірі сияқты бірқатар карантиндік объектілердің таралу алаңы қысқарды», дейді Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.
Министрдің айтуынша, Қазақстан аумағын карантиндік
объектілердің енуі мен таралуынан қорғау мақсатында 2019 жылы 19 ақпанда
Қырғызстан аумағынан құрма, алма, тұқымдық және тағамдық картоп әкелуге тыйым
салу арқылы уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралар енгізілді.
Өзбекстан мен Қырғызстандағы әріптестермен Фитосанитариялық,
карантиндік бақылау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жол карталарына қол
қойылды.
«2018 жылы Қытайдың Бас кеден басқармасымен Қазақстаннан
Қытайға жоңышқа, рапс күнжарасы, арпа және жүгері экспорттауға қойылатын
фитосанитариялық талаптарға қол қойылды, арпа мен жүгері бойынша 2 кәсіпорынға
инспекция жүргізілді, бұл аталған өнімді ресми түрде жеткізе бастауға мүмкіндік
берді», дейді министр.
Баяндамадағы деректерде көрсетілгендей, 30-дан астам ұн
тартатын Қазақстан кәсіпорыны және 105 астық сақтау кәсіпорны Қытай тізіміне
қосылды, бұл астық пен ұнның Қытай нарығына экспортын ұлғайтуға мүмкіндік
бермек.
«Еліміздің ветеринариялық және фитосанитариялық қызметтерінің
белсенді жұмысының арқасында басқа елдердің тізілімдеріне барлығы 2557
қазақстандық экспорттаушы кәсіпорын, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ
тізілімінде 2212 отандық кәсіпорын енгенін тағы да атап өту маңызды», деді ведомства
басшысы.