Бүгін Алматыдағы «Атакент» Көрме Орталығында «SuluExpo-Алматы 2019» XVII Халықаралық көрмесі басталды. Үш күнге созылатын сұлулық индустриясы көрмесі – сұлулық саласы мен салон бизнесінің кәсіби мамандарына арналған.

Жоба кәсіби косметика және косметология, тырнақ сервисі, шаштараз өнері, визаж, эстетикалық медицина, тұрақты макияждау саласындағы отандық және шетелдік әзірленімдердің экспозициясын, сондай-ақ іскерлік іс-шаралар бағдарламасын – семинарларды, шеберлер сыныптарын, байқаулар мен тренингтерді қамтиды.
SuluExpo жыл сайын сәуір айында Алматы қаласында, ал қараша айында Астана қаласында өтетін өндірушілер, дистрибьюторлар, сұлулық бизнесі иелері мен салалық мамандары арасындағы іскерлік кездесулердің басты алаңына айналып келеді.
Мәселен 4 сәуірде көрменің мәжіліс-залында косметолог дәрігер, жетекші оқытушы – жаттықтырушы және "Ангиофарм" сауда маркасының спикері – мәскеулік О.Поливанованың «Басқарылатын Ангиогенез» семинары өтті. Ал 5 сәуірде «КОМТИ» Қазақстан мезотерапия қоғамы ұйымдастырған косметология саласының жас мамандарын таңдауға арналған Бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Бұдан басқа, көрменің аясында көрмеге қатысатын «Vivienne Sabo», «Makeover Paris», «Aden Cosmetic» сияқты әлемдік жетекші бренд компанияларының косметология, макияж, тырнақ дизайны бойынша шеберлердің көптеген ашық сыныптары өткізіліп, келушілерге өздерінің кәсіби деңгейін көтеруіне мүмкіндік береді. Олардың арасында шаштараздарға арналған патенттелген оқыту бағдарламаларының – авторы мәскеулік О.Штатолкинаның авторлық шеберлік сағаттары, Қазақстан шаштараз өнері құрамасының жаттықтырушы А.Просвириннің көрнекі шеберлік дәрістерінің түгелдей дерлік топтамасы бар.
«SuluExpo» көрмелерінің айрықша ерекшелігі – Қазақстандағы сұлулық индустриясының нарығында бұрын-соңды болмаған жаңа компаниялардың қатысып, жаңа өнімдер мен жаңа инновациялық технологияларын ұсынуы. Мәселен, биылғы көрмеде Польшаның ұжымдық экспозициясы – жетекші поляк косметикалық брендтерін, инновациялық өнімдері мен бірегей рецептураларын Қазақстанда алғаш рет ұсынбақ. Олардың арасында фармацевтикалық арна, дәріханалар мен сатудың кәсіби арнасы спа-салондары арқылы қол жетімді шаш күтімі құралдарын өндіруге маманданған «Inter Fragrances» компаниясы, тері мен бет күтіміне арналған заманауи косметика, парфюмерия, шаш түсіру препараттарын ұсынатын Miraculum S.A.,гибридтік тырнақ лактарын, құрғақ сусабындарын, классикалық лактарын шығаратын LaQell, GLOV компаниялары бар. 150-ден аса аталымы бар BluxCosmetics компаниясы – Польшадағы жоғары сапалы косметиканың және тұрмыстық химияның ірі өндірушілерінің бірі. Bi-es компаниясы да – Польшадағы мейлінше атақты ірі парфюмерлік брендтердің бірі.
Аймақтар • Кеше
Тауар тасымалы: Табыстан гөрі тұрақтылық маңызды
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Түркия мен Израиль қарым-қатынасы қайта жанданды
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Елімізде «жамау» мектеп әлі бар
Білім • Кеше
Әдебиет • Кеше
Жырдың жезкиігі Ақын Кәкімбек Салықов жайлы толғау
Әдебиет • Кеше
Ескі жүйеден есті жүйеге көшу маңызды
Сұхбат • Кеше
Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Патриотизм – елін білімімен, еңбегімен көркейту
Қазақстан • Кеше
Көлсайға кел, кереметті көзбен көр
Туризм • Кеше
Спорт • Кеше
«Сұлтан Бейбарыс»: Билік философиясы
Кино • Кеше
Кәсіпорындар кодекс талабын орындай ала ма?
Экология • Кеше
Кино • Кеше
Өнер • Кеше
Абай облысында студенттер есірткімен ұсталды
Оқиға • Кеше
ШҚО-да барлық мектеп бес күндік оқу аптасына көшеді
Аймақтар • Кеше
Жеті өңірде 2 градус үсік жүреді
Ауа райы • Кеше
Қарағандыда 3 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
Аймақтар • Кеше
Елордада шекарашылардың құрметіне ескерткіш орнатылды
Елорда • Кеше
Бестөбедегі шахтада тағы бір адам көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Дархан Қыдырәлі Қазақстанның Мароккодағы елшісімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Алтын құймалар көп сатылатын қалалар аталды
Қоғам • Кеше
Қостанай облысында судья пара алу кезінде ұсталды
Оқиға • Кеше
Магистратураға түскендер тізімі қашан жарияланады
Білім • Кеше
Президент «Шевронның» бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Кеше
Қостанайда бюджеттен ақша жымқырғандар сотталды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар