Қазақстан • 04 Сәуір, 2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады

615 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады

Кездесуде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасыға Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясына дайындық барысы туралы баяндалды.

Елбасы алдағы іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырудың маңыздылығын айтып, Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы 25 жылдығын мерекелеуге уақытылы әзірлік жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

– Келесі жылы біз Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын атап өтуді жоспарлап отырмыз. Ассамблеяның мерейтойын орталықта да, барлық өңірде де жоғары деңгейде өткізуіміз керек. Келісім, тұрақтылық, халықтар достығы, түрлі этникалық топтар, діни конфессиялар арасындағы өзара құрмет мемлекетіміздің және дамуымыздың негізі саналады. Бұл жоспарланған іс-шараның негізі болуға тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесу соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.