Спорт • 04 Сәуір, 2019

Әлемдік лига: Регбиден Қазақстан командасы ширек финалға жолдама алды

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гонконгте өтіп жатқан регби-7 спортынан әлемдік лигаға іріктеу сынында Қазақстан командасы қатарынан екі матчта жеңілді деп жазады Olympic.kz.

Әлемдік лига: Регбиден Қазақстан командасы ширек финалға жолдама алды

Бразилиямен өткен матчта 12:14 есебімен ұтылған қазақстандықтар кейін Польша құрамасынан да жеңіліс тапты. Есеп – 10:12. 

Ертең таңғы сағат 08:22-де Қазақстан мен Бразилия командалары ширек финалдық матч өткізеді. Егер аталған кездесуде біздің команда жеңіске жетсе, жартылай финалға өтетін мүмкіндік бар. 

Еске сала кетейік, әлемдік лигаға іріктеу сынына жалпы есебі 12 команда қатысып жатыр.