19 Сәуір, 2012

Бағдарлы бағыттың берері мол

263 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Бағдарлы бағыттың берері мол

Бейсенбі, 19 сәуір 2012 7:53

Президент Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында алға қой­ыл­­ған міндеттерді іске асыру ая­сында көптеген жұмыстар қолға алынды. Соған орай, Елбасының 2012 жылғы 8 сәуірдегі «Қа­зақ­стан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін ке­зектен тыс аттестаттаудан өт­кі­зу туралы» Жарлығы да бұл тұрғыдағы шешуші қадамдардың бірі. Мемлекет басшысы жүр­гі­зіп отырған құқық қорғау жүйе­сін реформалау осы мақсаттың ма­ңыздылығын айқындайды.

 

Бейсенбі, 19 сәуір 2012 7:53

Президент Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында алға қой­ыл­­ған міндеттерді іске асыру ая­сында көптеген жұмыстар қолға алынды. Соған орай, Елбасының 2012 жылғы 8 сәуірдегі «Қа­зақ­стан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін ке­зектен тыс аттестаттаудан өт­кі­зу туралы» Жарлығы да бұл тұрғыдағы шешуші қадамдардың бірі. Мемлекет басшысы жүр­гі­зіп отырған құқық қорғау жүйе­сін реформалау осы мақсаттың ма­ңыздылығын айқындайды.

Демек, құқық қорғау орган­да­ры­ның қатарын кәсіби білікті, адам құқығы мен заңдылықты жо­ғары деңгейде қорғауға лай­ық­ты мамандармен толықтырып, мемлекеттің беделіне нұқсан келтіріп, сыбайлас жемқорлық әрекетіне жол беретін біліксіздерден арылту – осы атте­стат­таудың басты мақсаты.

Бұл күндері Шығыс Қазақ­стан облысы бойынша қаржы полициясы департаментінде ат­тес­таттауға қызу дайындық жұ­мыстары басталды. Барлық құ­ры­лымдық жүйелерде Жарлық мәтіні мен ережелерін түсіндіру, оны жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Қазір департамент штатында 300-ге жуық адам бар. Әрине, аттестаттау кезінде құқық қорғау қызметкерлерінің кәсіби дайын­дығы мен бүгінгі өскелең та­лап­тарға сәйкестігі алдыңғы орынға шығады. Осылайша жоғары кә­сіп­тік, азаматтық, моральдық-пси­хологиялық қасиеттерге ба­сым­дық беріліп, жалпы қыз­мет­тік борышын орындауға сана­лы­лықпен қарау, елжандылық дең­гейін көтеру мәселелері де басты назарда болатынын айтқан жөн. Өз арамызды жемқорлық әре­кет­терге жол берген қызмет­кер­лерден тазарту басты міндет. Бұл өте үлкен ауқымды жұмыс, мұны біз әділ әрі ба­­рынша ашық өткізе­міз.

Ал бізде ауыз тол­ты­рып ай­тар­лық­тай атқа­рылып жат­қан істер бар­­шылық. Соның бірі Шығыс Қа­зақстан облысы бой­ын­ша қаржы полициясы департа­ментінің наза­рын­да «Нұрлы көш», «Жасыл даму», «Ақбұлақ» сияқты индус­триялық-инновациялық дамудың, тұрғын үй құрылысын мемлекеттік бюджеттен қаржы­лан­дыратын, іске асырылуына жыл сайын мил­лиардтаған теңге бөлінетін сала­лық бағдарламалар­дың орындалуы десек артық айт­қандық емес.

Соңғы 3 жылда облыста 400-ден астам сыбайлас жемқорлық қыл­мыстары немесе еліміз бой­ын­ша әрбір он екінші қылмыс ашыл­ды. Оның 85%-ын – парақорлық, қызметтік жалғандық және бюд­жет қаражатын ұрлау фактілері құ­раса, 10%-ын лауазымдық өкілет­ті­ліктерін теріс пайдалану деректері құрайды.

Қоғамға аса қауіп төндіретін жүйелі сыбайлас жемқорлық деректері де кездеседі. Айталық, департамент Семей қаласының құ­ры­лыс колледжі директорының орын­басары М.Ержановқа қа­тыс­ты 25 эпизодты қылмыстық істің өндірісін аяқтады. Ол лауазымды тұлға бола тұра, жеке өзі және делдалдар арқылы «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде кол­ледж­дің базасында жеделдетілген курстардан өткені туралы жалған куәліктерді бергені және тол­тыр­ға­ны үшін жүйелі түрде пара алған. Соттың үкімімен М.Ержанов 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Күні кеше ғана Зырян аудан­дық соты ішкі істер бөлімі бас­ты­ғының орынбасары Б.Сибитовқа қатысты қозғалған қылмыстық іске сай үкім шығарды. Ол заңсыз аң аулаған 3 азаматқа қатысты қыл­мыс­тық істі қозғамау үшін 280 мың теңге пара алған, сондықтан 4 жылға бас бостандығынан айы­рылды.

Сыбайлас жем­қорлыққа негіз болатын «кө­лең­келі» эконо­ми­камен күресу де департамент қыз­­метіндегі бас­ты бағыттардың бірі болып табы­ла­ды. Соңғы үш жыл­дың көле­мін­де ай­мақта эко­но­ми­калық салада 1128 қылмыс ашылды. Осы ба­ғытта департамент жедел қыз­меттерінің негізгі күші жалған кә­сіпкерлік, қыл­мыс­­тық жолмен табылған мү­лікті заңдастыру және террор­лық ұй­ым­дарды қаржыландыру фактілерін анықтап, олардың жолын кесуге жұмылдырылуда.

Департаменттің бизнес өкіл­дерін қорғау бойынша негізсіз тексерулер және олардың іс-әре­кеттеріне заңсыз араласу бойын­ша бірқатар жұмыстар атқарылды.

Қоғамдық ұйымдармен ын­ты­мақтастық туралы меморан­дум­дарға қол қойылды. Облыс­тағы бизнес-қоғамдастығы өкіл­дерімен бизнестің дамуына кедергі келтіретін және олардың іс-әрекеттеріне негізсіз араласу деректеріне жол бермеу үшін қа­жетті шешімдер туралы әртүрлі мәселелер талқыланады.

Кәсіпкерлермен жүргізілген өзара іс-қимыл және алдын алу жұ­мыстары облыстың мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан бірқатар сы­байлас жемқорлық қылмыс­та­рын ашуға мүмкіндік туғызуда.

Мысалы, 2011 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша мем­лекеттік сәулет құрылыстық бақылау басқармасының лауа­зымды тұлғалары мен қыз­мет­керлері тарапынан кәсіп­кер­лер­ден құрылыс-монтаж жұмыс­та­рына лицензияны беру және бұрын берілген лицензиялардың мерзімін ұзарту үшін жүйелі түрде пара талап ету фактілері бойынша қылмыстық істер қоз­ғалған. Соттың үкімімен ШҚО бойынша МСҚББ басқар­ма­сы­ның бұрынғы бастығы К.Мүкеев мүлкі тәркіленіп, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бәделхан КАМАЛХАНҰЛЫ,Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы.

Өскемен.