Ресми деректерге сәйкес, отандастарымыздың ауыр сырқаттарға шалдығу деңгейі жыл өткен сайын көбейіп келеді. Мәселен, 2017 жылы тұрғындар арасында алғаш рет тіркелген сырқаттанушылық 100 мың адамда 57896-ға жетсе, бұл ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жылдық статистикалық есебіне сәйкес өткен жылдын көрсеткішінен 1,9% артық. Ал «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобалар қорының мәліметтері бойынша дәрігерлер 2018 жылдың соңына қарай ел аймақтарында кең таралған сырқаттардың бірінші бестігін анықтады. Олар – артериалды гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, созылмалы бронхит, эндемиялық зоб. Ең қауіпті дерттер арасында туберкулез, қант диабеті мен онкология көш бастап тұр.
«Қазақстандықтар арасында онкологиялық дерттерді емдеуде кешенді әдіс-тәсілдерді қолданатын, жоғары технологиялық медициналық орталықтардың қызметіне деген сұраныс артып келеді», – дейді Ыстамбулдағы Anadolu емханасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Сердар Турхал.
Профессордың айтуынша, 2018 жылы бір ғана Anadolu (Түркия) орталығына Қазақстаннан науқастар легі артқан. Соның нәтижесінде, қазақстандық пациенттердің 75%-не онкологиялық сырқаттарды емдеу бойынша қызмет көрсетілсе, 25% – ішкі сырқаттар, жалпы хирургия, нейрохирургия, педиатрия, кардиология, урология, ЭКО (экстракорпоральды ұрықтандыру), әйелдер сырқаттары бойынша ем қабылдаған.
Емхана деректері бойынша, Anadolu мамандарының көмегіне жүгінген қазақстандық науқастардың 30% өз диагнозы туралы Қазақстанда хабардар болған, бірақ өз елінде ем қабылдауды бастамаған. Қазақстандықтардың 50% емдеуді ҚР бастаған, бірақ олар емнің баламалы түрлерін немесе терапияның неғұрлым тиімді әдістерін зерделеуді жөн көрген. Қазақстандық пациенттердің 10%-нде сырқат асқынған, кеш кезеңде болған: ҚР оларға емнің бірнеше нұсқасы ұсынылмаған еді, ал Anadolu-да мұндай сырқаттардың табысты терапиясының тәжірибесі бар. Пациенттердің қалған 10% емхана көмегіне сырқаттың терминалдық кезеңінде жүгінген.
Шетелдік мамандар ҚР медициналық қызметтер нарығындағы бәсекелестіктің өсуі қазақстандық нарықтың дамуына жаңа серпін береді, деген сенімде.