27 Сәуір, 2012

Шындық ашылып, жағдай түзеледі

308 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Шындық ашылып, жағдай түзеледі

Жұма, 27 сәуір 2012 1:30

Аттестаттау – құқықтық қайта құрылу қадамы

Бүгінде еліміздің түкпір түкпірінде құқық қорғау органдары қызметкерлерін аттестаттаудан лайықты өткізу үшін барынша қызу дайындықтар жүргізілуде. Бұған жан-жақты құлағдар бол­ған халық та үлкен үмітпен қарап, оңды нәтижелерді күтуде. Осы­­ған орай біз бұл аттестаттаудан еліміз қандай пайдаға ке­не­ліп, құқық қорғау органдарымыз қаншалықты өзгеріске түсе­тін­дігін білу үшін, бір сөзбен айтқанда, аттестаттау елге не бере­тін­дігін тағы бір айқындау мақсатында Парламент Мәжі­лі­сінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қ.ЖАҚЫПОВҚА жолығып, осы жайында айтып беруін сұрған едік. Қабиболла Қабенұлы былай деп жауап берді:

 

Жұма, 27 сәуір 2012 1:30

Аттестаттау – құқықтық қайта құрылу қадамы

Бүгінде еліміздің түкпір түкпірінде құқық қорғау органдары қызметкерлерін аттестаттаудан лайықты өткізу үшін барынша қызу дайындықтар жүргізілуде. Бұған жан-жақты құлағдар бол­ған халық та үлкен үмітпен қарап, оңды нәтижелерді күтуде. Осы­­ған орай біз бұл аттестаттаудан еліміз қандай пайдаға ке­не­ліп, құқық қорғау органдарымыз қаншалықты өзгеріске түсе­тін­дігін білу үшін, бір сөзбен айтқанда, аттестаттау елге не бере­тін­дігін тағы бір айқындау мақсатында Парламент Мәжі­лі­сінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қ.ЖАҚЫПОВҚА жолығып, осы жайында айтып беруін сұрған едік. Қабиболла Қабенұлы былай деп жауап берді:

– Өзіңіз білетіндей, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үсті­міз­дегі жылғы сәуір ай­ын­дағы құ­қық қорғау органдарын кезектен тыс ат­тестаттау туралы Жар­лы­ғы­на бай­­­­­­ланысты еліміз­дің бар­лық құ­қық қорғау органдары қыз­меткер­лерін кезектен тыс аттестаттау үшін жо­ғары деңгейлі комиссия құрылды.

Елбасының баса назар аударуы және аталған комиссия құ­ра­мы­ның өте жоғары деңгейі бұл мә­се­ленің күн тәртібінде тұрған ай­рық­ша маңызды екенін білді­реді. Сондықтан да комис­сияға Президент Әкімшілігінің Басшысы же­текшілік жасап, оның құра­мына барлық құқық қорғау орган­да­ры­ның және аралас орган­дар­дың б­і­рінші басшылары кіреді.

Аттестаттаудың кезектен тыс өткізілу қажеттілігі мен оның күн тәртібінде тұрғандығына ерекше мән берген жөн.

Біріншіден, аталған кешенді шараларды жүргізу арқылы қыз­меткерлердің өздеріне жүктел­ген міндеттерді атқару мүмкін­дігін анықтауға және қызметтің нәти­жесін білуге қол жетеді. Бұл ар­қы­лы құқық қорғау қызмет­кер­лерінің мәртебесі артып, полиция мен құқық қорғау органдарында тек таңдаулылар ғана қалады. Дегенмен, бұл қызмет­кер­лер бі­лу­ге тиісті заң­дарды және нор­ма­тив­тік құжат­тар мен нұсқау­лар­ды игеру дең­гейіне қойылатын баға ғана емес, сондай-ақ құқық қорғау ор­ган­д­арының қызмет ерек­ше­лігіне орай әскери және жауын­герлік әзірлікке, белгілен­ген нормативтер бойынша жеке құрам­ның дене шы­нықтырудағы сәй­кестігіне де айрықша мән беру деген сөз.

Қызметкерлердің негізгі кә­сіп­тік көрсеткіштерін анықтай­тын аттестаттау мұнымен шек­тел­мей­ді. Полицейлердің адам­гер­­­шілік бей­несі айқындалып, моральдық және психологиялық тұрақтылығы тек­се­ріледі. Сонымен қатар, ком­муни­кациялық және ақпараттық технологияларды игеру деңгейі де қа­ралады. Жалпы алғанда, осы көр­сет­­кіш­тердің бәрі құқық қор­ғау органдарына деген халықтың сенімін арттырып, қоғам мен бизнес өкіл­дерінің күткен талабына сәй­кес ке­луі тиіс. Бұл бизнес үшін қо­лай­лы жағдай туғызып, белгілі бір кепіл­діктерді де бе­­ре­тіні анық. Демек, мақсат – адал және кә­сіптік деңгейі жоғары қызмет­кер­лерді даярлайтын ти­ім­ді тетік құру болып отыр.

Екіншіден, жоғарыда айт­қа­нымдай, бұл шараның тағы бір маңыздылығы аттестаттау құқық қорғау органдарының барлық дең­гейін қамтиды. Өйткені, елі­міздің құқық қорғау органы тек Ішкі істер министрлігінен ғана емес, сонымен қатар прокуратура, Тө­тенше жағ­дайлар министрлігі, Қаржы полициясы және Қаржы министр­лігінің кедендік бақылау комите­тінен құ­ра­латыны белгілі. Мұндай қамту жүйелік міндет­тер­ді толық шешуге мүмкіндік береді. Басшыдан бастап, қатар­дағы қызметкерге дей­ін­гі бөлі­ністердің бәрін аттестаттау жү­йе­нің нақты деңгейін анықтап, шынайы жағдайдың қан­дай еке­нін көрсетеді. Бұл құқық қорғау органдары үшін де өзде­рінің қандай дәрежеде екендік­теріне көз жет­кі­зіп, шетелдердің жо­ғары қалып­та­рына қатарласу­ла­рына жол ашады.

Үшіншіден, аталған шара ха­лық­аралық алдыңғы қатарлы тә­жірибе болып табылады және біз­дің елімізде алғаш рет өткі­зіліп отыр. Мұндай саралау барысы шет­­елдерде кеңінен жүр­гізіледі. Аттестаттаудан өту және құқық қорғау органдарына қыз­метке кі­ру үлкен дәреже болып табыл­ғаны­мен, оңай шаруа емес. Аттес­тат­таудың бар­лық бас­пал­дағынан өткен қыз­мет­кер өзі­нің мәрте­бесін көте­ріп, керек болса сол үшін үлкен мақта­ныш­қа да ие болады. Сон­дықтан мұ­н­дай қыз­мет­ке тап бол­ған адам өзіне жүк­телген қоғам мен мем­ле­кет­тің үл­кен сенімін сезініп, ма­ман­дығына деген мақ­­­танышы артады. Ал мемлекет болса, өз кезе­гінде то­лық әлеуметтік ке­піл­дік­терді қа­был­дайды. Бұл жоғары еңбекақы, кепілденген дәрігер­лік қыз­мет көрсету түр­лері, же­ңілде­тіл­ген жағдайда тұр­ғын үй алу мүм­кіндігі, кепіл­дік берілген зей­нет­ақымен қам­тамасыз етілу және қоғамның құр­метіне бөле­ну деген сөз. Міне, сондықтан да дамыған елдерде «полицейге пара беру» деген ұғы­м жоқ, өйт­кені бір рет мұн­дай іспен сү­рін­ген құ­­қық қор­ғау органы­ның қызмет­кері екінші рет жү­йе­ге ешуақытта орала алмайды. Қара дақ мәңгіге жұ­ғып қалады, сосын қайтадан мем­ле­кет­­тік қызметке оралу түгілі, батыс­та тіпті мұн­дай жағдайда банк­­тен несие алу да мүмкін болмайды.

Төртіншіден, біздің құқық қор­ғау ор­гандарының дайындығын қа­зір­гі уақыттың шынайы көрініс­терімен нақты қалыптасқан жағ­дайларда тексеру деген сөз. Ке­шегі таяу шы­ғыстағы қайғылы жағдайлар, жалпы әлемдегі, оның ішінде біз­дің еліміздегі де оқи­ғалар қазіргі таңдағы қатер­дің қаупін аңғартты. Ұлттық қау­іп­сіз­дік, ең алдымен, ішкі жағ­дайдың тұрақтылығынан басталады. Ха­лық­аралық лаңкес­тік қаупінде шекара жоқ, ал қоғам­ды ыдырату, ұлтаралық және конфессия­ара­лық дауды тудыру экстремистер­дің басты мақсаты болып табылады. Демек, біз қа­шанда мұндай қатердің уақ­ты­лы алдын алу үшін мықты сы­нақ­тан өткен жү­йеге ие болуымыз қажет. Мемле­кеттің мүдде­сін, қоғамда қалып­тасқан тиімді де тұрақты жағдай мен адам­гер­шілік құнды­лық­тар­ды қорғау, ұлтаралық және кон­фессия­ара­лық келісімді сақтау – міне, осылар құқық қор­ғау ор­гандарының күнбе күнгі айналысатын басты және негізгі мін­деттері болып табылады. Сон­дық­тан да аттестаттау аса қажет.

Жазып алған Александр ТАСБОЛАТОВ.