«Мемлекет басшысының сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы шешімін ойластырылған және салмақты деп білемін. Бұл бастаманы толығымен қолдаймыз. Кезектен тыс сайлау өткізу – әлемді экономикалық дағдарыс жайлаған сәтте Елбасы бастамаларын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл, сондай-ақ,тәуелсіз мемлекеттің саяси және экономикалық тұрақтылығын одан әрі нығайтуға ықпал ететін болады.
Біздің халқымыздың бірлігінің арқасында біз Ұлт көшбасшымыз қойған міндеттерді іске асыруға белсенді қатысып, барлық қазақстандықтардың игілігі үшін алға жылжи отырып, осы бастамаларды жалғастырамыз.
Сайлауға қатысу – біздің азаматтық парызымыз және әрбір қазақстандық үшін үлкен жауапкершілік», – деді Тамара Ширмер.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы қазақстандықтарға 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Үндеу жолдаған болатын.