«№46 бағдар бастапқы Қарасу көшесі аялдамасынан Мәңгілік ел және Ұлы Дала даңғылдарының қиылысына дейін әдеттегі қозғалыс сызбасына сәйкес жүреді. Одан әрі қоғамдық көлік солға бұрылып, Ұлы Дала даңғылы арқылы соңғы Арнау Т/К аялдамасына жетеді. Қоғамдық көлік кері бағытта да осы сызбаға сәйкес қатынайтын болады», – деп мәлімдеді «Астана LRT» компаниясында.
№ 70 бағдар бастапқы «Азамат» шағынмаркеті аялдамасынан Мәңгілік ел және Ұлы Дала даңғылдарының қиылысына дейін өзгеріссіз қатынайды. Одан әрі автобус солға бұрылып, Ұлы Дала даңғылының бойымен соңғы Арнау Т/К аялдамасына дейін жетеді. Қоғамдық көлік кері бағытта да аталған сызба бойынша жүретін болады.