Қоғам • 11 Сәуір, 2019

Аралас некенің зардабы көп

5720 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Өзге ұлттың азаматына тұр­мысқа шығып, бақытын басқа­­дан тауып отырған қара­гөздер туралы сөз қоз­ғал­­са, көпшіліктің пікірі ұда­йы екіге жарылады. Ара­лас некеге жеке адам­дар­дың тағдыры деп қарау керек пе, әлде бұл жаһан­да­нуға жұтылып бара жат­қан халықтардың трагедия­сы ма?

Аралас некенің зардабы көп

Статистика комитетінің дерек­­­теріне сүйен­­сек, еліміздегі 18 мил­­лионнан астам тұрғынның 9,4 мил­лионы – нәзік жанды, 8,8 миллионы – ер адам. Яғни, айырма­шылық – 600 мың адам. Алайда, оған тереңірек үңіліп қарасаңыз, шынайы жағдайдың тіпті басқаша екеніне көз жет­кі­з­у­ге болады.

Сондықтан да жігіт жетпе­ген­дік­­тен аруларымыз өзге жұрт­тың түті­н­ін түтетуге мәжбүр деген жал­ған ақпараттар көп әйел алуды заң­дас­ты­руды көксей­тіндердің айла-амалы, болмаса дәстүрлі отбасылардың шырқын бұзудың жолы екені көрініп қалды.

 

Сәйкессіздік синдромы

Осы мақаланы жазу барысында кезінде талай қазақ зиялы­сы­ның өзге ұлттың қыздарымен отау құруға әуес болғаны еске түсе бер­генін де жасырмаймыз. Оқы­­ған­дардың біразы зама­на көші­­нен қалмау үшін де тілі өктем ұлттың қыздарын алуға мәж­­бүр болды. Ақиқатын айт­қанда, бұйығы, сауатсыз, тым қарапайым қарагөздерді мен­сін­бе­ді. Сол сәйкессіздік синдромы уақыт өте келе, тіпті ғасырға да толмаған аралықта қайта алдымыздан шығып отыр.

Қазір керісінше ұлтымызда оқы­ған, жоғары білімді, тіпті бір емес бір­неше тілді білетін қыз­дар көп. Енді, міне, олар қара базар­да жүрген ауыл­дың қара бала­сын қайтсін?! Өзімен өресі дең­гейлес азаматын іздесе, оған кімді жазғыруға болады?

Айтқандай, қазақтың оқыған азаматтары арасындағы өзге ұлт­тың қыздарына үйлену үрдісі 1930 жылдардан басталыпты. Жағдай ушығып бара жатқан соң ел ағалары 1944 жылы қазақ қыздары үшін Алматыдан Қыз­дар педагогикалық институтын ашып, жігіттеріміздің бетін бері бұрыпты. 1950 жылдардан бер­гі кезеңде қазақтың оқыған қыз­да­ры­­ның саны күрт артты.

Ендігі қазақ қызының ХХI ғасыр­дағы талғамы – қазақ жігі­ті­­не сын. Өйткені Қазақ елі ТМД елдерінде ғана емес, Орталық Азияда қыздарының жоғары білім алуына көңіл бөлетін елдердің көшін бастап тұр. «Қазір 22 жас пен 64 жас аралығындағы қазақ әйел­де­рі­нің 100 пайызы – орта білімді, 79 пайызы – жоғары білімді. Ал жоғары білімді еркектердің үлес салмағы – 67,5 пайыз». Бұл – БҰҰ дерегі. Жоғары білімді 68 пайыз еркектің 22 пайызы ауыл­да тұрады. Ал оқыған, көзі ашық қазақ қыздары қолына дип­ломын алған соң қалада қалу­ға тырысады. Ал қалада қал­ған 32 пайыз жоғары білімді еркек­тер екінің бірінің уысына түсе бермейді. Сондықтан қыз­дарымыз үйсіздіктен және күй­сіз­діктен құтқаратын күш деп ше­тел­дік жігіттерге көз салады.

Мәселен, 1940 жылдардың өзінде үкімет басында отыр­ған­дар орыстандыру саясатымен одақ­тас республикалар арасында аралас некеде тұрғандарды сана­малап көрсе, бірінші орынға Лат­вия шықса, Қазақстан екінші орында болған. Тарих дөңгелегі ХХI ғасырдың басында жүрісінен жаңылып, сол деректі тағы да алға тосты. 1990 жылдардан бас­тап қазақ қыз­дарының таңдауы шетелдік азамат­тарға ауып, 77 жыл бұрын­ғы жағдай қайталанып тұр. ТМД елдерінде қыз «экспорт­тау­дан» біз Ресейден кейін екінші орындамыз. Мамандар да мұның себебін алға тартып, жатжұрттық болып кеткен қыз­да­рымызды ақтап алумен әлек.

 

Әйелде аналық түйсік жоғары

Иә, сонымен, кейбір қыз­да­ры­мыз бақытын неге басқадан іздейді?

Әнебір жылдары әлеуметтік же­лі­де 90-жылдары күйеуі тұр­мыс тау­қыметіне шыдамай, бала­­­сы­мен шырылдатып тастап ке­тіп, кейін шетелдікпен тұрмыс ­құ­рып, бақытты болған Арухан де­­ген қазақ қызы туралы жазған едім. Сол ескі жазбада мынадай жол­­дар болатын.

«...Жуырда мен 20 жыл бұрын жо­ғалтып алған құрбымды кез­дес­­­тірдім. Соңғы рет көргенде ол да өз тағды­рымен алысып, жаз­­мыш­тан жеңіл­гендей арпалысып жүрген-ді. Достығымызды бекем­­деуге әрі-сәрі тіршілігіміз мұр­­ша бермеді. Өмір­дің бұралаң жол­­дары бізді адас­тырды.

Екеуміз қуана қауышқаннан кейін өзіміз білетін ортақ та­ныс­­­тарды түгендеуге көштік. Оның Арухан дейтін араларынан қыл өтпейтін, 90-жылдары еуропалық азаматқа тұрмысқа шығып кеткен досы бар-ды. Қысқасы, бұл диа­лог былай аяқталады.

– Арухан бақытты ма екен?

– Жолдасы екеуі өте тату тұра­­тын көрінеді. Арухан оны кере­мет сыйлап, күтеді екен. Роберт те қалыспау үшін қолы­нан келген жақсылығын аямайтын көрі­неді. Екеуі де мейі­рім мен сый­лас­тық­­қа, қам­қор­лық­қа зәру болып жүр­генде бі­рін-бірі тапқан ғой. Ару­хан: «Ба­қытты екендігім сон­шалықты, күйеуі­м­нің аяғын жуып, сол жуын­дысын ішіп қоюға әзір­мін», деді.

– Мұн­дай сөз айтқан әйел шынында да бақытты шығар?!

– Еуропа әйелдері ерлерін сыйлаудан қалғаны қашан?! Аруханның күйеуін сыйлап, ая­лай­­тындығы, тіпті Роберттің дос­та­рының қызғанышын тудыра­тын көрінеді...

Самал әлі де Аруханның жұ­мақ­­тағыдай өмірі жайлы баян­дап отыр. Бірі естілсе, бірі естіл­мей­­ді. Сонда қазақ қызының ізде­гені не? Әрине шетелдік ер­кек емес! Жұрттың бәрінің із­де­гені – мейірім мен махаббат. Сыйластықпен суарылған адами қамқорлық! Балаларының ертеңінің қамсыздығы. Әйтпесе, әйелде ұлттық инстинктен гөрі, аналық инстинкт жоғары. Психо­лог­тердің айтуынша, әйелдің ұрпа­ғын қамтамасыз етіп, пана бола ала­тын адамды іздеуі табиғи рефлекс.

 

Халықаралық жеңгетайлар

Қазіргі таңда неке агент­тік­тері жеңге­тайлықты халықаралық деңгейде жүргізіп отыр­ғаны аян.

3-4 жыл бұрын Бейжіңдегі эли­та­лық «Бойдақтар клубы» Аста­на­ға некелесу мақсатында келе жатыр деген ақпарат әлеу­­мет­тік желілердің шабынан түр­тіп, кейбір қыздарымыз ел­ең­­­деп қалғаны есімізде. Қыз­дар­мен танысайық деген ұсы­ныс әу бас­та қытайлық бойдақтар тіркелген элиталы клубтан шық­қанға ұқсайды. Сөйтіп жеңге­тай­лық басталып кеткен. Бұл неке агенттігі сол екі жылда-ақ елі­міз­де ұлтаралық 100 жұпты не­ке­­­­лестіріп, мұны да қом­сы­­нып: «Бұл аз, еңбегімізді ақта­май­ды» деп қытайлық азаматтармен не­ке­­­лестіру жобасынан үлкен үміт кү­тіп отырғанын жасыр­ма­ға­­ны есте.

Осы тұста «халықаралық неке агенттіктерінің құдалық мәсе­­лесіне бел шешіп кірісуі қан­ша­лықты заңды?» деген сұрақ туады. Себебі мұндай агент­­тіктер саны көбеймесе, кеміп отыр­ған жоқ. Олардың мін­деті күйеусізге күйеу тауып беру­­мен ғана шектеледі. Жат жерге ұзаты­лып барған қыз­дар­дың ке­йінгі тағдыры Ал­лаға ға­на аманат. Өйткені өмі­рін өзге ұлт­тың ұрпағын көбей­ту­ге арнағандардың талайының бақытты болудың орнына, өгей­лік көріп, туған еліне, үйрен­ген әдет-ғұрпына жете алмай, зар еңі­реп, қасірет шегіп қалға­ны­ның мысалы аз ба?!

Мәселен, Түркияда шетел аза­матта­рының түрік қыз­да­ры­мен танысуына рұқсат беріл­мей­ді. Ал арабтар өзге ұлт­тар­­ға қыздарын бермейді. Түрік­мен­­ст­ан­да жергілікті қызды алу үш­ін сол елдің азаматтығын қа­был­дап барып, сосын Үкіметке 150 мың АҚШ доллары ретінде салық төлеу қажет. Ал бізде ше? Бізде көлденең көк аттылар қыздарымыздың көрпесіне кіріп кете береді. Отандастарымыздың 50 па­йызы Ресей азаматтарымен некелеседi екен. Одан кейiнгi орын­да өзбек және қырғыз жігіт­тері тұр. Соңғы жылдары олар­дың қатары түрiк, қытай, арабтан шыққан су жаңа «күйеу бала­лармен» көбейді. Қазір нәсiлi бөлек келiндерден гөрі, күйеу балалардың саны әлдеқайда көп. Африка құрлығы мен Үндiстаннан келген қара нәсiлдi күйеу жiгiттер де бар­шылық. Бұл үрдіс барлық елде жүріп жатыр.

Ресей кезінде қыздарының қытай жiгiттерiне тұрмысқа жиi шығып жат­қа­ны туралы дабыл қақты. Ғалым­да­ры мен саясат­кер­ле­рi мұның қауiптi екенiн айтып, сақ болудың қажет­тігін ескертіп келеді. Өйткенi Қытайдағы «бiр бала» саясаты бо­йынша көптеген отбасылар дүниеге қыз баладан гөрi, ұл бала әкелудi жөн көредi. Соның нәтижесінде ұлдардың саны күрт өскенін көріп отырмыз.

Осы тұста «шетелдіктердің на­зары неге өзбек, түрікмен, тә­жік қыз­дары емес, қазақ қы­зы­­на ауа бере­ді» деген сауал көл­­деңдейді. Неге көр­ші елдерде бұл тақырып біз­­де­­гідей өзекті емес? Өзбек хал­қы тал бесіктен берілетін тәрбие арқы­­лы есікті тарс жауып қойса, түрік­­мен ағайындар қыздарының баға­сын көтеріп, ұлтына күйеу болғысы келетіндердің бетін бұрып жіберді. Көршілерімізде халықаралық некемен айналысатын агенттіктер қызметі қажет болмағандықтан, жоғары­да­ғыдай «Бойдақтар клубы» сияқ­ты агенттіктер де еркінси қоймайды.

 

Мемлекетаралық құдалық

Есесіне елімізде мемле­кет­ара­лық құдалық саясаты, қа­лыңмал тақырыбы әлеуметтік желілерден Парламент төріне дейін талқыланып, бүкілхалық­тық сипат алған кезі де болды. Кезінде Сенат депутаты Жабал Ерғалиев «Қыздарды шетел­ге оқуға жiберуге тыйым салу керек» дегенде, артынша Мәжіліс депутаты Светлана Жал­ма­ғам­бе­това «Қазақ қыздарының шетел­діктерге шығу-шықпауы өз еркі. Елі­мізде – демократия. Әрине бас­қа елдерде тәжірибе бар. Мәселен, Тәжікстан мен Өзбек­стан­да қыздары басқа елдер­­дің азаматтарына тұр­мыс­қа шықса, онда олардан қосымша қаржы талап етіледі. Біз қаржы талап ететін кедей мем­лекет емеспіз ғой. Ал басқа дамыған елдерде ондай шектеу жоқ» деп кесіп айтты. Сенатор мен мәжілісменнен кейін бұл тақырыпқа қайта орал­ған халық қалаулылары жайлы естіген де, көрген де жоқпыз.

Қытай Халық Республикасы, керісінше, бейресми түрде шетелден әйел алған қытай азаматтарына «қалыңмал» төлеп, сол азаматтың сол жат елде үйленіп, жер иеленіп, бала-шағалы болып, сосын туыс-туған­дарын шақырып алуына көмек бере­ді деген сөз бар. Тіпті, Еуропада, Орталық Азияда, Африкада үйленіп, азаматтық алуға Қытай үкі­меті тарапынан әртүрлі қар­жы­­лай көмек беріл­ген. Соның ішінде ең жоғары көмек Еуропа, Аме­ри­ка, Аустралия құр­лығына бе­рілсе, ең төменгі қаржы­лық көмек Орталық Азияға беріледі екен. Қаржылық көмек екі түрде бері­леді: бірі – тікелей ақшалай көмек, екіншісі – өсімсіз несие негізінде. Осылайша, «қалың­мал» беріп қолдап, қолпаш­та­уы­­­ның нәтижесінде қытай азамат­­тары шетелдік қыздармен үй­ле­ніп, сол елде азаматтық алып, тез көтеріліп жатыр. Қазір көрші­леріміз иегінің астын­­да­ғы Орталық Азияны қойып, алыс­­­та­ғы Африка елде­рі­нен қыз алып, азаматтық алып отыр. Афри­ка­­ның қара мар­жан­дай кербез сұлу­лары бойы бір метрден аспай­тын қытай­лықтармен отба­с­ын құрып, қытайлардың үлес сал­мағын көбейтіп, генотипін өзгер­­туге көшті. 1990-2012 жыл­дар аралығында дүниеге кел­ген қытай азаматтарының 32 пайызы – аралас некеден туғандар. Бұл – Қытайда. Ал елі­мізде жыл са­йын 100 мыңға жуық неке қиылады. Соның ішінде 20 пайызы – аралас неке. Қоғам­дық ұйымдардың зерт­теуіне назар аударсақ, 18-20 жас аралы­ғын­да­ғы қазақстандық қыз­дардың үштен бірі (оның 50 пайызы – қазақ қыздары) шетел­дік­терге тұр­мысқа шығуға әуес.

 

АЛМАТЫ