10 Мамыр, 2012

Кәсібилік пен адалдық

343 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Кәсібилік пен адалдық

Бейсенбі, 10 мамыр 2012 7:30

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА БЕЙНЕСІ ҚОҒАМ ҮМІТІН АҚТАУЫ КЕРЕК

Ел Президентінің «Әлеуметтік-эконо­микалық жаңғырту – Қазақстан дамуының негізгі бағыты» атты Жолдауында «Құқық қорғау және арнайы органдардағы сапалы кадрлық жаңарулар – басты мәселе», де­лін­ген болатын. Жолдауды орындау мақса­тында 2012 жылдың 8 сәуірінде «Қазақ­стан Республикасы Құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жарлыққа қол қойылды.

 

Бейсенбі, 10 мамыр 2012 7:30

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА БЕЙНЕСІ ҚОҒАМ ҮМІТІН АҚТАУЫ КЕРЕК

Ел Президентінің «Әлеуметтік-эконо­микалық жаңғырту – Қазақстан дамуының негізгі бағыты» атты Жолдауында «Құқық қорғау және арнайы органдардағы сапалы кадрлық жаңарулар – басты мәселе», де­лін­ген болатын. Жолдауды орындау мақса­тында 2012 жылдың 8 сәуірінде «Қазақ­стан Республикасы Құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жарлыққа қол қойылды.

Бұл шара заңды. Өйткені құқық қорғау органдары еліміздің өмірінде азаматтар­дың қауіпсіздігі мен құқық тәртібін қам­тамасыз ету арқылы ерекше рөл атқарады. Алдыңғы жылдары Мемлекет басшысы­ның тапсырмасы бойынша олардың жұ­мыс­тарының тиімділігін арттыру үшін көп нәрсе істелді. Құқықтық база жаңартылды, құрылым оңтайландырылды, міндеттер шек­теліп, олардың бірін бірі қайталауы жойылды, қылмыстық саясат ізгіленді­ріл­ді. Осының бәрі қоғамның күтуіне сай келетін құқық қорғау жүйесінің жаңа бейнесін қалыптастыру үшін негіз құруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар қазіргі кезде құқық қорғау органдарының қызметі сапалық жаңғыртуды талап етеді.

Елімізде тұңғыш рет жүз он мыңнан астам құқық қорғау қызметкерлері (прокуратура, ішкі істер, қаржы полициясы, қылмыстық-атқару жүйесі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет және кеден органдары) кезектен тыс аттестаттаудан өтпек. Кезектен тыс аттестаттаудан өту кадрлардың біліктілігін көтеру мақсатын көздейді.

Құқық қорғау органдарын аттестаттау – ерекше оқиға. Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның «Қа­зақстан Республикасындағы 2010 жыл­ғы адам құқығының жағдайы туралы» баяндамасында мемлекеттің демократия дең­гейі ондағы адамдардың құқы мен бос­тандығын қорғау деңгейімен өлшенеті­н­ді­гі атап өтілген. Сондықтан да демократиялы мемлекет адам құқықтары мен бос­тан­дықтарын қорғаудың халықаралық стандартын қамтамасыз етуге міндетті.

Өз қызметіне жауапсыз қарау, тиісті кәсіби шеберліктің жетіспеуі құқық қорғау органдарының қызметкерлерін күш көр­се­ту, психологиялық қысым жасау, басқа да зорлық әрекеттерді қолдануға итереді.

Статистикаға сүйенсек, 2010 жылы прокуратура органдарының бақылауы ке­зінде щұғыл-іздестіру әрекеттері бойынша 59 қыл­мыстық іс тіркелген. Азаматтардың құ­қық­тарының сақталмауы бойынша құ­қық қор­ғау органдарының қызметкерлері үсті­нен 71 қылмыстық іс қозғалған, оның ішін­де про­­курорлардан – 23, Ішкі істер ми­нистр­лігі қызметкерлері үстінен – 56, қаржы полициясы үстінен – 3, кеденшілерден 1 іс қозғал­ған. 54 адамға қатысты 34 іс сотқа жіберілген.

Қаржы полициясы органдары 109 құ­қық қорғау қызметкерлерінің үстінен сыбайлас жемқорлыққа байланысты 167 іс тіркеді; Ішкі істер қызметкерлері – 89, Қы­л­­мыстық-атқару комитетінен – 32, Кедендік бақылау комитетінен – 18, Төтенше жағ­дайлар министрлігінен – 14, қаржы полициясы – 11, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қыз­меткерлері бойынша 3 іс тіркелді. Қал­ған 15 тексеру ісі өндіріске жіберілді.

Егемен болғаннан кейін еліміз адам­дар­ға күш көрсету, жазалау және зорлық жасау сияқты әрекеттермен күресу мақса­тында жүйелі қадамдар жасады. Мысалы, 1998 жылы 29 маусымда БҰҰ-ның азамат­тардың ар-намысын қорғау, оларға зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы Конвенциясын ратификациялады.

1999 жылы 30 наурызда Қазақстанда «Қылмыс жасаған күдікті мен кінәлі адамды қамауға алудың тәртібі мен ережесі туралы» заң қабылданды. Онда тұтқынға алынғандардың құқықтарын қорғауға кепілдік, соның ішінде зорлықтан қорғау мәселелері бекітілді.

2002 жылы 21 желтоқсанда Қылмыс­тық, Қылмыстық-процессуалдық және Қыл­мыстық-атқару кодекстеріне толық­ты­рулар мен өзгертулер енгізілді.

2005 жылы 21 қарашада Азаматтық және саяси құқықтардың халықаралық пак­тісі ратификацияланды.

2008 жылы оныншы шілдеде Жоғарғы Сот сот тәжірибесінде халықаралық келі­сім­шарттар нормаларын қолдану туралы нор­ма­тивтік қаулы қабылдады, Зорлық-зомбы­лық­­қа қарсы Конвенцияның факультативті хаттамасы ратификацияланды және Кон­вен­ция­ның 22-бабының 21-іне өтінімдер берілді.

2010 жылы құқық қорғау органдары­­­ның 22 қызметкеріне қарсы он төрт қыл­­мыс бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу қорытындысы бойынша 6 қылмыс­тық іс сотқа жолданды, ол бойынша 7 адам сотталды.

2010 жылы Шығыс Қазақстан облыс­тық және Семей соттарының үкімімен Семей ІІБ полиция қызметкерлері Бармаков пен Шарипов Қылмыстық кодекстің 347-1-бөлігінің 2-«а» тармағы бойынша қылмысты деп танылды. Олар бас бостан­дығынан айырылып, сотталды.

Бармаков пен Шариповтің үстінен қыл­мыстық іс қозғауға олардың 2009 жылы Семей ІІБ Әуезов полиция бөліміне Т. деген азаматты заңсыз жеткізіп, оны уақыт­ша ұстау абақтысына қамап, оған дене жарақаттарын салғаны себеп болды.

2010 жылы құқық қорғау үкіметтік емес ұйымдарының деректері бойынша аза­мат­тар­ға қатал жаза қолдану, зорлық-зомбы­лық жасау бойынша 263 іс тіркел­ген. (2009 жылы – 286 шағым, 2008 жылы – 212 шағым, 2007 жылы – 178 шағым, 2006 жылы – 137, 2005 жылы – 64, 2004 жылы – 104).

Ресми статистика бойынша, 2009 жылы азаптауды қолданғаны үшін «ҚР ҚК 347-1-бабы) тек қана ішкі істер орган­да­ры­ның 1 ғана қызметкері қылмыстық жауап­кер­шілікке тартылған. Ал 2010 жылы 7 адам осындай қылмысы үшін жауап берген. Бұлардың бәрі де құқық қорғау орган­да­рының тарапынан жіберілетін заң бұзу­шылықты көрсетеді.

Еркін ОҢҒАРБАЕВ,

«Астана» университетінің ректоры,

заң ғылымдарының докторы, профессор.