Технология • 11 Сәуір, 2019

Ұлттық университетте Microsoft АТ-академиясы ашылды

935 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Microsoft АТ-академиясының ашылу салтанаты өтті. Салтанатқа Microsoft-тың Орталық және Шығыс Еуропа елдері бойынша бас менеджері Анке ден Аудeн және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші проректоры, профессор Мұхамбетқали Бүркітбаев қатысты.

Ұлттық университетте Microsoft АТ-академиясы ашылды

АТ-академиясы жұмысының басталғандығына ризашылығын білдірген Мұхамбетқали Бүркітбаев тарихы тереңге тартқан қазақстандық университеттің оқыту-ғылыми кешенінде цифрлік технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшының озық бастап отырғандығын, АТ-академия бағдарламасына қатысу арқылы университет осы саладағы кәсіпқойларға, болашақ студенттерге және академиялық экожүйеге мүдделі басқа да тараптарға Microsoft-тың ең соңғы технологиялары бойынша жоғары сапалы білім беріп, осы салада мойындалған университетке айналуға мүмкіндік алатындығын атап өтті.

Анке ден Ауденнің айтуынша, жоғарғы білім технологияларға негізделген экономиканың даму беталыстарын ескеріп, студенттердің болашағы үшін жаңа мүмкіндіктерді құру үшін жағдай жасауы тиіс. Бұл инвестициялар жас мамандарға басқаша қырынан ойлап, күрделі әлеуметтік мәселелерді тиімді шешуге арналған дағдыларды дамытуға көмектеспек. Microsoft Imagine Academy – бұл қазақстандық студенттерге технологиялар жалпы қалай өмір сапасын көтере алатындығы жайлы өз заманауи көзқарасын білдіріп, инновациялық машиналарды, материалдар мен жүйелерді жасау ісінде оларға қолдау көрсетеді.

Microsoft АТ-академиясы – студенттер мен оқытушыларды Microsoft технологияларына оқытуға арналған алаң. Академия ашылған сәттен бастап, студентерге Microsoft өнімдерімен және технологиялармен жұмыс жасау дағдыларын үйрету және ары қарай сертификаттаудан өтуге жағдай жасау мақсатында Ақпараттық технологиялар және Механика-математика факультеттеріндегі мамандықтарды оқыту курстары қайта қарастырылады.