11 Мамыр, 2012

Үстемдік соңы – заң бұзу

311 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Үстемдік соңы – заң бұзу

Жұма, 11 мамыр 2012 7:16

Бас көлік прокуратурасы Бәсекелестікті қорғау агент­тігінің Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңір­аралық инспекциясы мамандарын тарта отырып, «АқБидай-Терминал» АҚ-тың астық экспорттау қызметінде заңды­лықты сақ­тауына тексеру жүргізді. Қазіргі уақытта аталмыш терминал ас­тықты теңіз кемелерімен жөнелтуді жүзеге асыратын Қазақ­стандағы бірден-бір мамандандырылған кәсіпорын болып саналады. Ол «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК ау­мағында орналасқан. Терминалдың көлік коммуни­кацияларының жүк тиеу бойынша өндірістік қуаты сағатына 350 мың тоннаны құрайды. Мұның өзі темір жол вагондарынан 3 мың тоннаға дейін астық қабылдап, тәулігіне 4 мың тонна жүкті теңіз кемелеріне тиеуге мүкіндік береді.

 

Жұма, 11 мамыр 2012 7:16

Бас көлік прокуратурасы Бәсекелестікті қорғау агент­тігінің Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңір­аралық инспекциясы мамандарын тарта отырып, «АқБидай-Терминал» АҚ-тың астық экспорттау қызметінде заңды­лықты сақ­тауына тексеру жүргізді. Қазіргі уақытта аталмыш терминал ас­тықты теңіз кемелерімен жөнелтуді жүзеге асыратын Қазақ­стандағы бірден-бір мамандандырылған кәсіпорын болып саналады. Ол «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК ау­мағында орналасқан. Терминалдың көлік коммуни­кацияларының жүк тиеу бойынша өндірістік қуаты сағатына 350 мың тоннаны құрайды. Мұның өзі темір жол вагондарынан 3 мың тоннаға дейін астық қабылдап, тәулігіне 4 мың тонна жүкті теңіз кемелеріне тиеуге мүкіндік береді.

«АқБидай-Терминал» АҚ Маңғыстау облысы бойынша тиісті тауар рыногында үстемдікке (монополия) ие рынок субъекті­лері­нің мемлекеттік реес­тері­не енгізілген. Бекітілген астық тиеу тарифі 1 тонна үшін 1 043 теңгені құрайды.

Тексеру көрсеткендей, терминал арқылы жүк жөнелту жүйесі өндірісшілер мен астық экспорттаушылар міндетті түрде экспедитор компаниялар арқылы жұмыс істейтін тұрғыда ұйымдас­тырылған. Мәселен, 2010 жылы «АқБидай-Терминал» АҚ-пен астық жөнелту қызметін көрсету бойынша тек 2 экспедитор компаниямен ғана келісім-шарт бекітілген. Ал іс-жүзінде біреуі ғана жұмыс істеп, 18 экспорттаушы, оның ішінде Азық-түлік корпорациясы да бар, сол арқылы астық жөнелтуді жүзеге асырған.

Экспедитормен келісім-шарт бекіту барысында экспорттаушы 1 тонна астық үшін 2087 теңге төлейді, оның 259 теңгесі жұртты экспедициялау қызметіне кіреді. Осылайша, экспорттаушы экспедитор компанияның қызметін пайдалана отырып, астықтың әр тоннасынан 259 теңге мөлшерінде қосымша зиян шегеді. Сонымен бірге, бұл жағдайда «Қазақстан темір жолы» АҚ пен теңіз кемесінің иесіне жеке төленетін экспорттаушының астық тасымалдау шығындары ескерілмейді.

Тексеру көрсеткендей, 2010 жылы жекелеген экспорттаушылар астық жөнел­туге келісім-шарт бекіту жөнінде «АқБидай-Терминал» АҚ-қа өтініш білдірген. Дегенмен, өндіріс­тік қуаттар жүктемесінің көптігінен терминал экспорттаушы­лардың өтініштерін орындаудан бас тартқан немесе кейде тіпті өтініштер ескерусіз қалып отырған.

Дәл осындай жағдай 2011 жылы да орын алған. Атап айтқанда, «АқБидай-Терминал» АҚ өткен жылдың қазан-қараша айларында «КазРосАлтай» ЖШС-ның астық жөнелту мәселесін қарастыру жөніндегі өтінішінен алғашқыда бас тартып, соңынан экспедитор компаниямен кемені жалға алу мәселесін келісу жағдайында астық­ты бір партиямен жөнелту мүмкіндігінің жоқ екенін айтып, жауап қайтарылған. Тек экспедитор компания «МТА Каспиан Карго Сервисез» ЖШС-мен келісім-шарт бекітілгеннен кейін ғана астық жөнелтуге рұқсат етілген.

«АқБидай-Терминал» АҚ-қа қатысты асық экспорттаушылар­дың өтініштерін қарау нәтижелері терминал жүктемесінің көптігіне сілтеме жасау арқылы экспорттаушыларға қызмет көр­сетуден бас тарта отырып, аталмыш қоғамның экспорттаушыларды экспедитор компаниялармен келісім-шарт жасасуға мәжбүр­легені анықталды. Соның салдарынан 2010-2011 жылдары бірде-бір экспорттаушы экспедитор компанияларды айналып өте отырып, астық жөнелтуге рұқсат ала алмаған.

Осы орайда, кейбір жағдайларда экспорттаушылардың асты­ғын жөнелтуден негізсіз бас тартушылықтың орын алғанын атап көрсету қажет. Терминал жүктемесінің көптігін сылтау ету шын­дыққа сәйкес келмейді. Мәселен, 2011 жылдың 28 қазанында атал­ған акционерлік қоғам «Зерно-экспорт» ЖШС-ның астығын жөнелтуден бас тартқан. Ал осы кездегі терминалдағы астық небәрі 7,7 мың тонна ғана болған. Ол барлық сыйымдылықтың 30 пайызы ғана.

«АқБидай-Терминал» АҚ басшылығы «Зерно-экспорт» ЖШС-ға қызмет көрсетуден бас тарту себебін өзге экспорттаушылар астығын күтіп отырумен түсіндірді. Тексеру барысында оның шындық екені анықталды.

Бұдан «АқБидай-Терминал» АҚ-та астық жөнелту кезегі жүйе­сінің жоқтығы, экспорттаушыларға ол туралы ақпараттар беріл­мейтіндігі белгілі болып отыр. Ал ол экспорттаушыларды өз жұмы­сын жоспарлау мүмкіндігінен айырып, экспедиторлар қыз­ме­тіне жүгінуге мәжбүрлейді.

Инспекция мамандарының алдын ала шығарған қорытынды­ларына сәйкес, «АқБидай-Терминал» АҚ «Бәсекелестік туралы» заңның 13-бабының 4 және 5-тармақтарын бұрмалаған, яғни ры­нок­тағы үстемдік жағдайын өз мүдделеріне пайдаланған. Мұндай әрекеттің соңы экспорттаушылардың құқықтарына қысым жасауға апарып соқтырады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша «Бәсекелестік туралы» заңның 61-бабына өкілетті органдар тергеу жұмыстарын жүр­гізуде. Оның қорытындысы таяу уақыттарда белгілі болады.

Ыбырай ТІЛЕУҒАЛИЕВ,

Бас көлік прокуроры, аға заң кеңесшісі.