Аймақтар • 11 Сәуір, 2019

Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

1078 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аппарат қызметкерлерінің кеңейтілген мәжілісінде инвестиция тарту жөніндегі орынбасары Ерлан Қойшыбаевты таныстырды.

Ерлан Хамардинұлы Қойшыбаев 1985 жылы туған. American University in Dubai университетін, Қазақ гумани тарлық заң университетін, Қазақ көлік және коммуникация академиясын, Ресей федерациясы Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Осыған сәйкес қаржы және банк ісі, юриспруденция, көлік логистикасы мен өңірлік және муниципальдық менеджмент мамандықтарын меңгерген.

Ерлан Хамардинұлы осыған дейін «Қазақстанөндіірсті дамыту институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет етті.

Қостанай