19 Мамыр, 2012

Заңға бағыну керек

1195 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Заңға бағыну керек

Сенбі, 19 мамыр 2012 8:00

Конституцияның 1-бабының 1-тармағында: «Қазақстан Рес­пуб­ликасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеу­меттік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазы­насы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостан­дық­тары» деп жазылған. Бұл адам құқығы мен бостандығы елімізде алғашқы орында тұратындығын көрсетеді. Осы тұрғыда рес­публикамызда түрлі заңдық шаралар да өтіп келеді. Солардың бірі де бірегейі өткен республикалық Заңгерлер съезі десек, ар­тық айтқандық емес. Осы ретте біз Заң саласы мен құқық қор­ғау органдарында қызмет етіп жүрген «Ішкі істер органдары медиа орталығы» ЖШС бас директоры Алмас СӘДУБАЙМЕН ой бөліскен едік.

 

Сенбі, 19 мамыр 2012 8:00

Конституцияның 1-бабының 1-тармағында: «Қазақстан Рес­пуб­ликасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеу­меттік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазы­насы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостан­дық­тары» деп жазылған. Бұл адам құқығы мен бостандығы елімізде алғашқы орында тұратындығын көрсетеді. Осы тұрғыда рес­публикамызда түрлі заңдық шаралар да өтіп келеді. Солардың бірі де бірегейі өткен республикалық Заңгерлер съезі десек, ар­тық айтқандық емес. Осы ретте біз Заң саласы мен құқық қор­ғау органдарында қызмет етіп жүрген «Ішкі істер органдары медиа орталығы» ЖШС бас директоры Алмас СӘДУБАЙМЕН ой бөліскен едік.

– Алмас Кәдірбекұлы, рес­пуб­ликалық Заңгерлер съезі өтті. Онда түрлі ой пікірлер мен ұсыныстар ортаға салын­ды. Бұл басқосудың заң са­ла­сында қалам тербеп жүрген журналистер үшін де берері мол. Ал қазақтілді журналистикада құқық саласы тақы­ры­бына қалам тартып жүр­ген­дер кемшін екені де жа­сы­рын емес. Демек, заңгерлер съезінен не күтеміз?
– Заң – халық үшін. Заң – халықтың қорғаушысы. Заңға бағыну бар да, оған сену бар. Рес­публикалық Заңгерлер съезі де заңды сыйлау мен оны құр­меттеудің сипатын тағы бір көрсетіп берді деп ойлаймын.
Ал біздің сала сенімді бекітуге, заңды құрметтеу мен оны түсінуге, кез келген қоғамдық мә­селені заң арқылы шешуге бо­ла­тындығына көз жеткізуге ба­ғытталады. Сондықтан заң сала­сының журналистері сұхбат алу­ға, репортаж жасауға барса да, ма­қала жазуға отырса да құқық­тық нормативтерге сүйенуі керек. Себебі, сіздің барып отыр­ған адамыңыз, яғни құқық сала­сы­ның адамы заңды әліпбиді жатқа білгендей біледі. Ал өзің білмейтін тақырыпта ол адаммен қалай тіл табысуға болады? Жаңа заң шықты ма, оны оқу керек, баптар өзгерді ме, оны түртіп қою керек. Жастар көбіне жалпылама жазады. Және әлеу­меттік тақырыптарға құмар. Олар­ды бір тақырыпқа негіздеу және жүйелеу үшін көп жұмыс­тар істеуге тура келеді. Аға тілшілер бала тілшілерге білгенін үйретеді, басшы ретінде өзіміз ке­ңес береміз. Астана да бір күн­де салынған жоқ қой, ақы­рын жүріп, анық басып, бағыт-бағдарымызды айқындап, оң-солымызды танып келеміз.
– Халық құқық қорғау ор­гандары қызметкерлеріне қан­­шалықты сенеді? Заң­гер­лер съезінің бұл ретте берер көмегі қандай?
– Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің имиджін көте­ру, олардың жанкешті қызмет­те­рін, жай ғана отбасындағы адам­дық бейнесін ашу, халыққа таны­ту біздің басылымдардың басты бағыты болып табылады. Қыл­мыстың орын алуы БАҚ-та сенсация болады да, оның құ­рықталуы көбіне көлеңкеде қала­ды. Қара­пайым ғана мысал, 40 градус аязда жол сақшылары күні бойы жел өтінде тұрып қызмет етеді, ал біз көліктен шығып, құжат көрсетуге ерініп жа­тамыз. Немесе өрт сөндіру­ші­лердің бүкіл еңбегін олардың кешігіп келуімен жоққа шығара саламыз. Құдай сақтасын, бір қиындық бола қалғанда шартты түрде қолымыз солардың нөмі­рін тере бастайды. Ал мұның өзі – сенім. Яғни, солар ғана құт­қарып я сақтап қалатынын білеміз. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітетіні» тағы бар.
Қазір бейбіт өміріміз бен түн ұйқымыздың тыныштығы – белгілі бір дәрежеде құқық қорғау саласы қызметкерлерінің арқасы емес пе?! Жоғарғы Соттағы жаңа реформалар да көп ұзамай өз нәтижесін береді деп білеміз. Құқығымыздың қорғалатынын білгендіктен де біз қазір батыл сөйлейміз, батырлық әрекет­тер­ге барамыз. Басты байлық – еркін өмір сүру. Демократиялық қоғам дегеніміздің өзі де сол – өз еркіндігіңді сезіну және өзге­нің еркіндігіне қол сұқпау. Заң­герлер съезінің негізгі өзегі де осыған саятын болса керек.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен  Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,
«Егемен Қазақстан».